Бишімбаевтың апелляциясы бойынша сот ісі қозғалды
Әйелін өлтірді деп айыпталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі апелляциялық сатыға өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бишімбаевтың өзінің, оның туысы Бақытжан Байжановтың және олардың адвокаттарының арыздары Астана қалалық сотының қарауына түсті.
Бұл туралы ақпарат Сот кеңсесінің сайтында бүгін, 11 маусымда, пайда болды. Шағымдарға қатысты құжаттар Астана қалалық сотының судьяларына тапсырылды. Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құжаттардың облыстық сотқа жіберілгенін растады.