Қызылордалық тұрғын: "Ит атуға болмайды деген заңды алып тастау керек"
3 442
Қызылорда қаласында үйсіз, күйсіз жүрген қаңғыбас иттердің қатыры азаяр емес, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде Қызылорда қаласында қаңғыбас, бұралқы иттердің қатары күннен-күнге көбейіп келе жатыр. «Ит- жеті қазынаның бірі» демекші, халқымыз итті ерекше місе тұтып, құрметтеген. Алайда, ит - жыртқыш тұқымды аңның бірі екенін ұмытпауымыз қажет. Ертеде ата-бабамыз итті мал күзетуге, аң аулауға пайдаланса, ал бүгінгі қоғамның адамдары қаңғыбас иттердің біреуі қай жерімізден қауып қалар деген үреймен өмір сүріп жүрген жайы бар.
Расында, үй маңайынан бөлек, қоғамдық орындарда кезіп жүрген қаңғыбас иттерге ешкім тосқауыл бола алмай отыр. Ресми деректерге сүйенсек, 2020-2021 жылға республика бойынша 1 млрд теңге ақша жұмсалған. Тіпті, Алматы облысының өзіне жануарларды аулау және жою жұмыстарына 150 млн теңгені құрап отыр. Өткен брифингте облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Әнуарбек Дәрмағамбетов: «былтыр адам мен жануарларға ортақ аса қауіпті және паразитарлық аурулардан қорғау мақсатында 24 171 бас қаңғыбас ит пен мысық ауланып жойылды,»- деп өңірлік коммуникациялар қызметінде хабарлады.
Сонымен қатар, қаламызда Байтерек ықшамауданында бір үйдің екі баласын көше иттері талап, жұлмалап тастаған. Көпбалалы ана: "Қос ұлымды талаған итке шара қолданбай отыр"
Алайда, полицейлер тек иттің егесіне 30 мың теңге айыппұл ғана салған. Бір өкініштісі, ары қарай ол иттің құтырма болмаса ауруы бар жоғы зерртелмеген. Осы орайда,
Ағымдағы жылдан бастап, Қазақстанда қаңғыбас жануарларды аулау және өлтіру жұмыстары тоқтатылмақ. Осы ретте,
Бұдан былай, кімде-кім көше иттерін себепсізден себепсіз ататын болса, заң бойынша сотта ісі қаралатын болады.
АЙБАР

«Көшеміз жабайы иттерге толы. Әл-Фараби көшесімен жүруден қалдық. Өзім аяғы ауыр келіншекпін, кеше ғана сол көшедегі иттен қашамын деп баламды түсіріп ала жаздадым. Егерде ит ұстағылары келіп бара жатса, иттерін байлап ұстаса болады ғой. Көше кезіп телміріп тамақ іздеген хайуандар қаптап барады», - дейді қала тұрғыны Жақсыгүл Ахметова.
Расында, үй маңайынан бөлек, қоғамдық орындарда кезіп жүрген қаңғыбас иттерге ешкім тосқауыл бола алмай отыр. Ресми деректерге сүйенсек, 2020-2021 жылға республика бойынша 1 млрд теңге ақша жұмсалған. Тіпті, Алматы облысының өзіне жануарларды аулау және жою жұмыстарына 150 млн теңгені құрап отыр. Өткен брифингте облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Әнуарбек Дәрмағамбетов: «былтыр адам мен жануарларға ортақ аса қауіпті және паразитарлық аурулардан қорғау мақсатында 24 171 бас қаңғыбас ит пен мысық ауланып жойылды,»- деп өңірлік коммуникациялар қызметінде хабарлады.
Сонымен қатар, қаламызда Байтерек ықшамауданында бір үйдің екі баласын көше иттері талап, жұлмалап тастаған. Көпбалалы ана: "Қос ұлымды талаған итке шара қолданбай отыр"
Алайда, полицейлер тек иттің егесіне 30 мың теңге айыппұл ғана салған. Бір өкініштісі, ары қарай ол иттің құтырма болмаса ауруы бар жоғы зерртелмеген. Осы орайда,
Былтыр адам денесіне жарақат салған 284 ит пен 52 мысық бақылауға алынды. Дегенмен, олардан алынған сынақ құтыру ауруына байланысты оң нәтиже көрсетілмеді. Ал 10 мың 452 ит пен 500 мысық ауланып жойылды. Алдағы уақытта жануарларды залалсыздандыру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілетін болады, - деді Қызылорда қалалық ветеринариялық станциясының директоры Нұрлан Төлегенов.
Ағымдағы жылдан бастап, Қазақстанда қаңғыбас жануарларды аулау және өлтіру жұмыстары тоқтатылмақ. Осы ретте,
«Заң күшіне енгеннен кейін Қазақстанда қаңғыбас жануарларды аулау және өлтіру тоқтатылады. Ал олардың санын реттеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен стерильдеу жолымен ғана жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте жануарларды аулаудың үлгілік қағидаларының жобасы аясында иесі бар екенін білдіретін белгілері бар жануарларды стерильдеуге тыйым салу жоспарлануда», - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова.
Бұдан былай, кімде-кім көше иттерін себепсізден себепсіз ататын болса, заң бойынша сотта ісі қаралатын болады.
«Ит атуға болмайды деген заңды алып тастау керек. Қазіргі иттердің бәрі құтырып жүр. Кеше көше иттерінің бірі қызымды тістеп ала жаздады. Балалардан бөлек, мына өзіміз қорқамыз. Қаңғыбас иттерден бөлек, дала мысықтарыда көбейіп отыр.Тіпті қаңғыбас, жабайы ит-мысықты атсаң заң бойынша сотталатын күнге жетіп тұрмыз», - дейді қала тұрғыны Гүлмира Бақыт.
АЙБАР