Жолаушы такси жүргізушісіне бірнеше рет оқ атқан

283
Қарағанды облысында такси жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжал туындаған- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 27 қазанға қараған түні Майқұдық 15-шағынауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, такси жүргізушісі мен жолаушы арасында туындаған жанжал соңы төбелеске ұласып, жолаушы такси жүргізушісіне оқ атқан.

Куәгерлердің айтуынша, төбелес кезінде жолаушы жүргізушіге үш рет оқ атқан.

"27 қазан күні сағат 22.10 шамасында 55 жастағы жолаушы мен 35 жастағы такси жүргізушісі арасында жанжал туындаған. Бұл факт полицияға тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Біз оқиғаның неден басталғанын қосымша хабарлаймыз", - деді Қарағанды облысы ДПД баспасөз қызметі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.