Бұдан былай еліміздегі өгей әкесімен тұратын балалардың отбасылары тексерілмек

140

Бұдан былай еліміздегі өгей әкесімен тұратын балалардың отбасылары тексерілетін болады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жаңа жоба "Е-превенция" деп аталады.


Жаңа жобаны таныстырған бас прокуратура, әзірге жобаның тек Астана қаласында және Ақтөбе обылысында жүзеге асырылатынын мәлімдеді.


“Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алу саласында қолайсыз отбасыларға, көп балалы отбасыларға және балалар өгей әкесімен бірге тұратын отбасыларға іс жүзінде бару қамтамасыз етіледі.


Жүйе мүдделі органдар: полиция, білім беру, әлеуметтік қызметкерлер арасындағы өзара іс-қимылдың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді”, – делінген прокуратура хабарламасында. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.