“1 күнде 7 екпе салған”: Дәрігер жалған диагнозбен 2 жасар баланы өлтіріп алды
Алматыдағы емханалардың бірінде дәрігердің қойған диагнозынан 2 жасар бала қаза болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап.
2 жасар баланың ата-анасы баласының кеш дамығанына шағымданып, Алматыдағы "Қонжық" орталығының мамандарына жүгінген. Олар бас дәрігерге кіру үшін 200 мың теңге берген. Орталықтың басшысы баланы өзі қараған, диагнозын қойып, бір күнге 7 екпе салуды тапсырған. Алайда бағдарламаға келген дәрігерлер диагноздың дұрыс қойылмағандығын айтты.
Емханада 4 күн ем алған баланың жағдайы нашарлаған. Ол бір ай ес-түссіз жатып, қаза болды. Ата-анасының айтуынша, баланың денесі түгел уланып кеткен. Жүрегі ғана соғып тұрған.
Қаза болған нәрестенің ата-анасы айыптылардың сот алдында жауап беруін қалайды.
"Көреміз" тілшілерінің арнайы зерттеуі бойынша, "Қонжық" емханасының бас дәрігері жарнамаларында өтірік айтқаны белгілі болды.