Елімізде адам ағзаларын саудалау дерегі бойынша 15 іс тіркелген
Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Үшінші басқармасы бастығының орынбасары Шынар Көшербаева Қазақстанда адам ағзаларын сатуға қатысты 15 қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Көшербаеваның айтуынша, жыл сайын республикада адам саудасына қатысты 150-ге дейін қылмыстық іс қозғалады. Ал биыл жыл басынан бері 134 қылмыстық іс тіркелген.
Ол соңғы жылдары құқық қорғау органдары Қазақстан азаматтарын шетелге шығарудың бірнеше арнасын тоқтатқанын айтты. Сондай соңғы фактілердің бірі қазақстандықтардың Бахрейнге депортациялануы болды.
Сондай-ақ адам саудасымен байланысты қылмыстарға ықпал ететін әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Мәселен, жезөкшелік пен сутенерлікке үй-жайлар бергені үшін 649 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Оларға жалпы сомасы 155 миллион теңге айыппұл салынды.
Айта кетейік, Қазақстанда адам саудасымен айналысқандар 4 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Ағзаларды сату ісіне қатысты да бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.