Ер адам аулада тұрған көліктерге секіріп жүр
Ақтауда ер адамның аулада тұрған көліктің үстіне секіріп шыққаны видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға 32В ықшамауданындағы №8 үйдің ауласында болған. Видеодан ер адам ойын алаңында сусын ішіп, жақын жерде тұрған көлікке секіріп, оны күшпен теуіп, кейін қолындағы белгісіз затты лақтырғанын көруге болады. Бұдан кейін ол қашып кеткен.
Ақтау ПБ құқықбұзушылық 23 сәуірде сағат 07:00-де жасалғанын хабарлады. Ер адамның жеке басы анықталған.
:
Қаз
Рус






