«ӨРТ-2024» республикалық - командалық штабтық оқу-жаттығуы өткізілетін болады

1 535

«ӨРТ-2024» республикалық - командалық штабтық оқу-жаттығуы өткізілетін болады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Құрметті Қызылорда облысының тұрғындары мен қонақтары! 


«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қызылорда облысы әкімінің «ӨРТ-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және оны өткізу нұсқаулығына сәйкес «2024 жылғы өрт қауіпті кезең жағдайындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында өңірде 2024 жылғы 15-16 мамыр аралығында «ӨРТ-2024» РКШОЖ өткізілетіндігін хабарлаймыз.                    

Сонымен бірге 

15 мамырда сағат 12-ден 55 минут өткенде “Баршаның назарына!” құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексерілетін болады.

Осыған орай сіздерден жаттығу өткізу және құлақтандыру жүйесін тексеру барысында үрейге бой алдырмай, сабырлылық сақтауларыңызды сұраймыз.

Қызылорда облысының аумағында 2024 жылғы 15-16 мамырда республикалық азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің өкілдерінің қатысуымен «ӨРТ-2024» республикалық - командалық штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі деп жоспарлануда.

Оқу-жаттығудың практикалық кезеңі Қызылорда қаласынан 7 шақырым қашықтықта, Шіркейлі каналының оң жақ жағалауында (Пригородное орманшылығында) ұйымдастырылады.

Оқу-жаттығудың тақырыбы: 2024 жылғы өрт қауіпті кезең жағдайында ықтимал төтенше жағдайлар туындаған кездегі  іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының, күш-құралдарының әзірлігін пысықтау».

Оқу-жаттығуға азаматтық қорғау жүйелерінің 160 қызметкері, 40 техникасы қатыстырылады.

Оқу-жаттығу кезінде дүрбелең тудырмай, сабырлылық сақтауға шақырамыз.