Жаңа дерек: Қазақстанда кім көп? Ерлер ме әйелдер ме

1 503

Фото; PinterestҰлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны туралы деректерді жариялап, елдегі ерлер мен әйелдердің нақты санын хабарлады, - деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Бюроның баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан халқының жалпы саны – 20 590 589 адам.

Қала халқының саны 13 190 585 адамға жеткен, ал ауылдық жерлерде 7 400 004 адам тұрады.

Сондай-ақ бюро Қазақстанда 10 065 819 ер және 10 524 770 әйел тұрып жатқанын нақтылады.

Бұдан бөлек, Қазақстандағы қала халқының ең жоғары үлесі Қарағанды облысында (82,7 пайыз), Ұлытау облысында (79,6 пайыз) және Ақтөбе облысында (76,5 пайыз) тіркелген.

Қала халқының ең төменгі үлесі Алматы облысында (19,3 пайыз), Түркістан облысында (25,4 пайыз) және Жетісу облысында (46 пайыз) байқалады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.