Қазақстандықтардың табысын арттыру үшін не істеу керек
109
Қазақстанда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі - 5,3%. Ал ЭЫДҰ әдістемесі бойынша, Қазақстандағы кедейшілік деңгейі орта есеппен 10%-ды құрап отыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында халықтың табысын арттырып, кедейшілік деңгейін азайтуға арналған бағдарлама жасалып жатқанын айтқан болатын. Ол өз сөзінде:
Жастар арасындағы жұмыссыздық пен жалақы мәселесі
Наурыз айының басында Үкімет отырысында 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы қаралып, қабылданды. Күні кеше бекіту жөнінде қаулысы да жарияланды. Уәкілетті органдар жүргізген талдау нәтижелеріне сүйене отырып, Ұлттық экономика министрлігі аталған жобада негізгі 10 басымдықты белгіледі. Оның ішінде жұмысқа қабілетті жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастырудың жаңа мүмкіндіктері қарастырылған. «Бұл жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға мүмкіндік береді» дейді мамандар. Қаржы сарапшысы Мақсат Халық та жылына 400 мыңнан астам жас маман еңбек нарығына қосылатынын ескерсек, мұның жақсы мүмкіндік екенін айтып өтті.
Оған қоса экономисттің айтуынша, қазіргі таңда жас мамандар алатын жалақы мөлшерінің төмендігі де үлкен проблема.
Орташа айлық жалақы 2,3 есеге артты
Бұдан бөлек қаржы маманы бағдарламада медианалық орташа жалақы мен орташа жалақының арасын жақындату мәселесі көтерілгенін тілге тиек етті. Жалпы Қазақстанда олардың алшақтығы 1,5 есе болса, ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 1,13-ті құрайды. Мамандардың сөзінше, бұл да халық тұрмысындағы теңсіздікке әсер етіп отыр.
«Бағдарламада орташа медианалық жалақының орташа жалақыдан айырмасының 1,5%-ға дейін болып кеткені айтылады. Ал дамыған елдерде бұл 1%-ды құрайды. Біздің елде қазір негізгі орташа жалақы – 275 мың теңге болды, ал медианалық орташа жалақы – 143 мың теңге болып тұр. Олардың арасы өте алыс. Бағдарламада осы алшақтықты жақындату мәселесі қарастырылған»,-деді эконмист Мақсат Халық.
Орташа жалақы демекші, биыл наурыз айындағы статистикаға сүйенсек, еліміздегі орташа жалақы 275 мың теңгеден асты. Жалпы соңғы 10 жылдағы орташа жалақы мөлшеріне назар аударсақ, төмендегі кестеден 2,3 есеге артқанын көруге болады.
Қай сала мамандарының еңбекақысы жоғары?
Ал ресми деректерде келтірілген ақпаратқа сүйеніп, қай салада жалақының жоғары екеніне тоқталсақ, мынадай мәліметтерге куә бола аламыз. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең көп еңбекақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу қызметі үшін төленеді екен. Жалақысы – 546,4 мың теңге, бұл орташа республикалық деңгейден 2 есе жоғары. Қаржы және сақтандыру қызметінде - 520,7 мың теңге (1,9 есеге көп), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 442 мың теңге (1,6 есеге көп), ақпарат және байланыс саласында – 370,1 мың теңге (1,3 есеге көп).
Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде – 167,3 мың теңге, оған қоса сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылайтын қызметкерлер жалақысы – 169,1 мың теңге.
Жалпы сарапшылар да ауылды жерлердегі тұрғындардың жалақысы төмен екенін жиі көтеріп жүр. Әлеуметтанушы Нұрболат Айекешовтің пікірі де жоғарыдағы статистиканы растай түсетін секілді. Ол ауылда тұратын азаматтардың еңбекақысын көбейтуге қатысты ұсыныстарын айтты.
Қай өңірлерде жалақы мөлшері аз?
Төмендегі кестеден өткен жылғы ІV тоқсандағы орташа айлық жалақы мөлшерін көруге болады. Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кірістер арасындағы теңсіздік туралы айтып, қай өңір тұрғындары ең жоғары жалақы алатынын хабарлаған еді. Жалпы кестеден көріп отырғанымыздай, мұнайлы аймақтар жалақы бойынша көшбасшы болып отыр. Мәселен, қызметкерлерге Атырау облысында – айына 420,4 мың теңге, Маңғыстау облысында – 382,4 мың теңге, Нұр-Сұлтанда – 391,4 мың теңге, Алматыда – 329, 1 мың теңге төленеді.
Ал ең аз жалақы Солтүстік Қазақстан облысына (202,983 мың тг) тиесілі екенін байқаймыз. Сондай-ақ Түркістан облысы (207,929мың тг) мен Шымкент қаласы да (209,308 мың тг) алғашқы үштікке енген.
Дегенмен қаржы маманы Мақсат Халық қазіргі орташа жалақы ескі есептеу әдісі арқылы жасалғанын алға тартып отыр. Бірақ оның сөзінше, мұны бір жағдайда, яғни өңірлердегі жалақы мөлшерін анықтау мақсатында сәтті қолдануға болады.
Кедейлік деңгейін азайту үшін не істеу керек?
«Ең төменгі күнкөріс шегі – 70 мың теңге болуы керек»
Жалпы Үкіметтің халық табысын арттырудағы басты мақсаты – елдегі кедейшілік деңгейін азайту. Себебі кедейлік бір емес, бірнеше салаға қатар әсер етіп, елдің экономикалық-әлеуметтік даму қарқынын бәсеңдетеді. Осы үшін жобада табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз халықтың үлесін 5,2%-ға азайту көзделіп отыр. Әсіресе еліміздің 12 өңірінде, атап айтсақ, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласында табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесінің артқаны байқалады. Сондықтан да табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз халықтың үлесін азайту шаралары қолға алынбақ. Мәселен, 2022 жыл басталғалы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері екі рет өсті.
Жалпы ЭЫДҰ әдістемесі бойынша, Қазақстандағы кедейшілік деңгейі орта есеппен 10%-ды құрап отыр. ЭЫДҰ елдерінде кедей халықтың үлесі 11,6 %-ды құрайды. Мәселен, АҚШ-та – 16,8%, Израильде – 17,7%, Чилиде – 16,8%, Канадада – 14,2%, Аустралияда – 12,8%, Ұлыбританияда – 10,8%.
Дегенмен мамандар елдегі кедейшілік деңгейін азайту үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің қазіргі мөлшері (1 сәуірден бастап 37 мың) азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға айтарлықтай әсер ете алмайтынын алға тартады. Сондықтан да экономист Мақсат Халық бұл мөлшерді 70 мың теңгеге дейін арттыру қажеттігін айтып, оны былайша түсіндіреді:
Ең төменгі жалақы мөлшерін де арттыру қажет
Оған қоса қаржы сарапшысы ең төменгі жалақы мөлшерінің де артқаны дұрыс деп есептейді. Оның айтуынша, қазіргі ең төменгі жалақы мөлшері әлемдік стандарттармен сәйкес келмейді.
«Бізде орташа медианалық жалақы – 143 мың теңге. Әлемдік стандарттар бойынша, осы орташа медианалық жалақының тең жартысын ең төменгі жалақы деп береді. Ал оның 44%-ын ең төменгі күнкөріс шегі деп береді. Бұл – әлемдік тәжірибе. Тіпті кейбір озық мемлекеттер ең төменгі жалақы мөлшерін есептегенде медианалық жалақының 60%-ын алады. Ондай болса, біздегі ең төменгі жалақы мөлшері 80 мың теңгенің үстінде болуы керек. Дүниежүзілік банктің де есептемелері соған сәйкес келеді. Мәселен, күніне 5,5 доллардан төмен табыс табатын азаматтар кедей деп танылады. Сол 70 мың теңгеден төмен табыс табатын азаматтарды кедей деп қарасақ, олардың үлесі Үкімет көрсетіп отырған мәлімет бойынша 4,8% емес, одан да көп болуы мүмкін. Сондықтан нақты статистиканың жоқтығы халықтың табысын арттыруға кедергі болуы мүмкін»,-деп пікірін толықтырды маман.
Жалпы биыл халықтың табысын арттыруға 197 млрд теңге жұмсау көзделіп отыр. Экономист Мақсат Халық бұл қаражат елдегі кедейлік мәселесін шешуге айтарлықтай септігін тигізе алмайтынын айтады. Сондықтан маман басқа да тетіктерді қарастыруымыз керек екенін жөн санап отыр.
Қазақстанда 1 миллионға жуық бала кедейшілікте өмір сүріп жатыр
ЮНИСЕФ немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры мәліметтері бойынша, қазақстандық балалардың 15,6 пайызы табысы ең төмен отбасыларда тұрады. Демек бұл Қазақстандағы 1 миллионға жуық бала немесе әрбір алтыншы бала кедейшілікте өмір сүріп жатыр дегенді білдіреді. Сондықтан да мамандар бала құқығын ескере отырып, әлеуметтік осал топтарда өсіп жатқан балалардың жағдайына, тұрмысына, оқуына баса назар аудару керек деп санайды. Өйткені еліміздің ертеңі мен болашағы – балалар десек, олардың проблемасы күн тәртібінің басты мәселелерінің біріне айналуға тиіс. Осыған байланысты қаржы сарапшысы бізге тағы да мынадай маңызды мәселені айтты:
Қорыта айтсақ, 2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыруға арналған бағдарлама аясында бірқатар нәтижеге қол жеткізілмек. Атап айтсақ, ЖІӨ-дегі еңбекақының үлесін – 34,5%-ға жеткізу, табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз халықтың үлесін – 5,2%-ға төмендету, жұмыссыздық деңгейін – 4,7%-ға дейін азайту, сонымен қоса бүкіл кезең ішінде барлығы 2 млн астам адамға жұмыс орындарын құру жоспарланып отыр.
Назерке Сүйіндік

«Қазіргі таңда 1 миллионға жуық адамның табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді. Бұл – соңғы 10 жылдағы ең нашар көрсеткіш. Қазіргі уақытта менің тапсырмам бойынша Халықтың табысын арттыруға арналған бағдарлама әзірленіп жатыр» - деген еді.
Жастар арасындағы жұмыссыздық пен жалақы мәселесі
Наурыз айының басында Үкімет отырысында 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы қаралып, қабылданды. Күні кеше бекіту жөнінде қаулысы да жарияланды. Уәкілетті органдар жүргізген талдау нәтижелеріне сүйене отырып, Ұлттық экономика министрлігі аталған жобада негізгі 10 басымдықты белгіледі. Оның ішінде жұмысқа қабілетті жастар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының жекелеген санаттарын жұмысқа орналастырудың жаңа мүмкіндіктері қарастырылған. «Бұл жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға мүмкіндік береді» дейді мамандар. Қаржы сарапшысы Мақсат Халық та жылына 400 мыңнан астам жас маман еңбек нарығына қосылатынын ескерсек, мұның жақсы мүмкіндік екенін айтып өтті.
«Жастар арасындағы жұмыспен қамтуға көбірек көңіл бөлінетін болады. Жастарды қайта даярлаудан өткізу, мамандық таңдауына байланысты арнаулы кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде жұмыссыздық, әсіресе жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі өршіп тұр. Жыл сайын еңбек нарығына 300 мыңдай жас азамат қосылатын. Қазір олардың саны 400 мыңнан асты, яғни жыл сайын 400 мыңнан астам жас жұмыс іздеп келеді. Еңбек нарығы осыншама азаматты жұмыспен қамтуға, жұмыс орындарын ұсынуға дайын емес. Бұл жастар қайда барады, кім болып жұмыс істейді? Міне, осы мәселе – өте өзекті. Бұған осы бағдарламада мән беріліп, зейін қойылып жатқаны дұрыс деп есептеймін»,-деді сарапшы.
Оған қоса экономисттің айтуынша, қазіргі таңда жас мамандар алатын жалақы мөлшерінің төмендігі де үлкен проблема.
«Көп жерлерде жас мамандардың еңбекақысы төмен болады, өйткені олардың жұмыс өтілі аз. Сол себепті халықтың табысын арттыру деген кезде жаппай халықтың біліктілігін арттыру мәселесіне де баса назар аударған дұрыс. Жалақы еңбек өнімділігі болған кезде ғана артады. Ал еңбек өнімділігі салада жаңа технология мен білікті кадрлар болған кезде болады. Бұл жерде кешенді жұмыс жүргізілуі керек. Біз кейде «зейнеткерлер зейнетке шықса, жастарға жұмыс табылады» деп жатамыз. Бірақ зейнеткерлер сол дәрежеге жету үшін біраз еңбек етті, біліктілік курстарынан өтті, білімін жетілдірді. Ал оқуын кеше бітірген жас маман оның орнын баса алмайды, соны ескеруіміз керек», - деді М.Халық.
Орташа айлық жалақы 2,3 есеге артты
Бұдан бөлек қаржы маманы бағдарламада медианалық орташа жалақы мен орташа жалақының арасын жақындату мәселесі көтерілгенін тілге тиек етті. Жалпы Қазақстанда олардың алшақтығы 1,5 есе болса, ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш 1,13-ті құрайды. Мамандардың сөзінше, бұл да халық тұрмысындағы теңсіздікке әсер етіп отыр.
«Бағдарламада орташа медианалық жалақының орташа жалақыдан айырмасының 1,5%-ға дейін болып кеткені айтылады. Ал дамыған елдерде бұл 1%-ды құрайды. Біздің елде қазір негізгі орташа жалақы – 275 мың теңге болды, ал медианалық орташа жалақы – 143 мың теңге болып тұр. Олардың арасы өте алыс. Бағдарламада осы алшақтықты жақындату мәселесі қарастырылған»,-деді эконмист Мақсат Халық.
Орташа жалақы демекші, биыл наурыз айындағы статистикаға сүйенсек, еліміздегі орташа жалақы 275 мың теңгеден асты. Жалпы соңғы 10 жылдағы орташа жалақы мөлшеріне назар аударсақ, төмендегі кестеден 2,3 есеге артқанын көруге болады.
Қай сала мамандарының еңбекақысы жоғары?
Ал ресми деректерде келтірілген ақпаратқа сүйеніп, қай салада жалақының жоғары екеніне тоқталсақ, мынадай мәліметтерге куә бола аламыз. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ең көп еңбекақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу қызметі үшін төленеді екен. Жалақысы – 546,4 мың теңге, бұл орташа республикалық деңгейден 2 есе жоғары. Қаржы және сақтандыру қызметінде - 520,7 мың теңге (1,9 есеге көп), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 442 мың теңге (1,6 есеге көп), ақпарат және байланыс саласында – 370,1 мың теңге (1,3 есеге көп).
Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде – 167,3 мың теңге, оған қоса сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылайтын қызметкерлер жалақысы – 169,1 мың теңге.
Жалпы сарапшылар да ауылды жерлердегі тұрғындардың жалақысы төмен екенін жиі көтеріп жүр. Әлеуметтанушы Нұрболат Айекешовтің пікірі де жоғарыдағы статистиканы растай түсетін секілді. Ол ауылда тұратын азаматтардың еңбекақысын көбейтуге қатысты ұсыныстарын айтты.
«Шыны керек, еліміздегі ауылдық жерлерде азаматтардың еңбекақысы төмендеу. Нұр-Сұлтан, Алматы секілді үлкен қалаларда жалақы мөлшері салыстырмалы түрде жоғары. Сондықтан да ауыл халқы қалаға ұмтылады. Сол себепті ауылдық жерлердегі халықтың тұрмысын, әл-ауқатын жетілдіруге күш салуымыз керек. Бюджеттің ақшасы шектеулі, сондықтан түрлі әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға мемлекет бизнес өкілдері мен қалталы азаматтарды тартуы керек. Бизнес өкілдері белгілі бір кәсіп түрін дамыту үшін азаматтарға несие беріп, кейін жұмысы жүріп кеткен соң төмен пайызбен қайтаратындай етіп жасауға да болады» , - деді әлеуметтанушы.
Қай өңірлерде жалақы мөлшері аз?
Төмендегі кестеден өткен жылғы ІV тоқсандағы орташа айлық жалақы мөлшерін көруге болады. Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кірістер арасындағы теңсіздік туралы айтып, қай өңір тұрғындары ең жоғары жалақы алатынын хабарлаған еді. Жалпы кестеден көріп отырғанымыздай, мұнайлы аймақтар жалақы бойынша көшбасшы болып отыр. Мәселен, қызметкерлерге Атырау облысында – айына 420,4 мың теңге, Маңғыстау облысында – 382,4 мың теңге, Нұр-Сұлтанда – 391,4 мың теңге, Алматыда – 329, 1 мың теңге төленеді.
Ал ең аз жалақы Солтүстік Қазақстан облысына (202,983 мың тг) тиесілі екенін байқаймыз. Сондай-ақ Түркістан облысы (207,929мың тг) мен Шымкент қаласы да (209,308 мың тг) алғашқы үштікке енген.
Дегенмен қаржы маманы Мақсат Халық қазіргі орташа жалақы ескі есептеу әдісі арқылы жасалғанын алға тартып отыр. Бірақ оның сөзінше, мұны бір жағдайда, яғни өңірлердегі жалақы мөлшерін анықтау мақсатында сәтті қолдануға болады.
«Әр өңірдің орташа арифметикалық жалақысын шығарсақ, қай өңірде жалақы төмен екенін көруге болады. Кейін сол өңірмен нақты жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Сондықтан орташа жалақыны есептеу сол үшін қажет. Мысалы, ертең өңірлердегі шенеуніктер халық алдында есеп берген кезде орташа жалақының 275 мың теңге болғанын айтады. Бұл – күлкілі. Мұндай статистика тек қай өңірлерде жалақы көрсеткіші төмен, қай өңірмен толықтай жұмыс істеу керегін анықтау үшін ғана қажет» , - деді экономист.
Кедейлік деңгейін азайту үшін не істеу керек?
«Ең төменгі күнкөріс шегі – 70 мың теңге болуы керек»
Жалпы Үкіметтің халық табысын арттырудағы басты мақсаты – елдегі кедейшілік деңгейін азайту. Себебі кедейлік бір емес, бірнеше салаға қатар әсер етіп, елдің экономикалық-әлеуметтік даму қарқынын бәсеңдетеді. Осы үшін жобада табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз халықтың үлесін 5,2%-ға азайту көзделіп отыр. Әсіресе еліміздің 12 өңірінде, атап айтсақ, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласында табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесінің артқаны байқалады. Сондықтан да табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз халықтың үлесін азайту шаралары қолға алынбақ. Мәселен, 2022 жыл басталғалы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері екі рет өсті.
Жалпы ЭЫДҰ әдістемесі бойынша, Қазақстандағы кедейшілік деңгейі орта есеппен 10%-ды құрап отыр. ЭЫДҰ елдерінде кедей халықтың үлесі 11,6 %-ды құрайды. Мәселен, АҚШ-та – 16,8%, Израильде – 17,7%, Чилиде – 16,8%, Канадада – 14,2%, Аустралияда – 12,8%, Ұлыбританияда – 10,8%.
Дегенмен мамандар елдегі кедейшілік деңгейін азайту үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің қазіргі мөлшері (1 сәуірден бастап 37 мың) азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға айтарлықтай әсер ете алмайтынын алға тартады. Сондықтан да экономист Мақсат Халық бұл мөлшерді 70 мың теңгеге дейін арттыру қажеттігін айтып, оны былайша түсіндіреді:
«Бірінші кезекте, ең төменгі күнкөріс шегін көтеруіміз керек, қазір бұл — 37 мың теңге. 37 мыңнан төмен табыс табатын азаматтарды біз әлеуметтік жағынан осал топтар қатарына енгіздік, яғни оларға арнаулы әлеуметтік төлемдер төленеді. Бірақ бұл әлемдік стандарттардан әлдеқайда қалыс қалғанымызды дәлелдей түседі. Өйткені аталған қаржы бір ай өмір сүруге де жеткіліксіз екенін бәріміз білеміз. Сондықтан оны одан ары көбейтуіміз қажет. Дүниежүзілік банктің мәліметіндегі әлемдік стандартта ең төменгі күнкөріс мөлшері күніне 5,5 доллар деп тұр. Оны теңгеге ауыстыратын болсақ, ол шамамен 70 мың теңгені құрайды. Демек біздегі ең төменгі күнкөріс шегі 70 мың теңге болуы керек. Ал одан төмен табыс табатын азаматтарды әлеуметтік осал топтарға жатқызып, арнаулы төлемдер төлеу керек» , - деді ол.
Ең төменгі жалақы мөлшерін де арттыру қажет
Оған қоса қаржы сарапшысы ең төменгі жалақы мөлшерінің де артқаны дұрыс деп есептейді. Оның айтуынша, қазіргі ең төменгі жалақы мөлшері әлемдік стандарттармен сәйкес келмейді.
«Бізде орташа медианалық жалақы – 143 мың теңге. Әлемдік стандарттар бойынша, осы орташа медианалық жалақының тең жартысын ең төменгі жалақы деп береді. Ал оның 44%-ын ең төменгі күнкөріс шегі деп береді. Бұл – әлемдік тәжірибе. Тіпті кейбір озық мемлекеттер ең төменгі жалақы мөлшерін есептегенде медианалық жалақының 60%-ын алады. Ондай болса, біздегі ең төменгі жалақы мөлшері 80 мың теңгенің үстінде болуы керек. Дүниежүзілік банктің де есептемелері соған сәйкес келеді. Мәселен, күніне 5,5 доллардан төмен табыс табатын азаматтар кедей деп танылады. Сол 70 мың теңгеден төмен табыс табатын азаматтарды кедей деп қарасақ, олардың үлесі Үкімет көрсетіп отырған мәлімет бойынша 4,8% емес, одан да көп болуы мүмкін. Сондықтан нақты статистиканың жоқтығы халықтың табысын арттыруға кедергі болуы мүмкін»,-деп пікірін толықтырды маман.
Жалпы биыл халықтың табысын арттыруға 197 млрд теңге жұмсау көзделіп отыр. Экономист Мақсат Халық бұл қаражат елдегі кедейлік мәселесін шешуге айтарлықтай септігін тигізе алмайтынын айтады. Сондықтан маман басқа да тетіктерді қарастыруымыз керек екенін жөн санап отыр.
«Жалпы 197 млрд теңге көп қаражат емес. Бұл негізінен жастарды қолдауға, өз бизнесін ашқысы келетіндерге шағын несие беруге, жалға берілетін тұрғын үй ақысын субсидиялауға бағытталған. Дегенмен бұл азаматтардың әл-ауқатын көтеріп, кедейлік деңгейін азайтуға жететін қаражат емес. Мәселен, инфляция деңгейінің өсуі мен әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 110 млрд теңге қарастырылып отыр. Салыстырып қарасақ, сонда табысты арттыруға бөлінген 197 млрд теңге көп қаражат емес екенін түсінуге болады. 110 млрд теңгеге тоқталсам, мәселен, егер инфляция 10% деңгейінде болса, зейнетақы 10%-ға өседі. Көп балалы аналарға, әлеуметтік осал топтарға берілетін төлемдер де 10%-дың деңгейінде ғана артады. Ал 10%-ға арттыру халықтың табысы өсіп кетті деген сөз емес. Мысалы, 60 мың теңге болса, ол 10%-ға, яғни 6 мың теңгеге ғана өседі. Бұл халықтың табысы өсті деп те, кедейшілік мәселесін шешеді деп те айта алмаймыз» , - деді М.Халық.
Қазақстанда 1 миллионға жуық бала кедейшілікте өмір сүріп жатыр
ЮНИСЕФ немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры мәліметтері бойынша, қазақстандық балалардың 15,6 пайызы табысы ең төмен отбасыларда тұрады. Демек бұл Қазақстандағы 1 миллионға жуық бала немесе әрбір алтыншы бала кедейшілікте өмір сүріп жатыр дегенді білдіреді. Сондықтан да мамандар бала құқығын ескере отырып, әлеуметтік осал топтарда өсіп жатқан балалардың жағдайына, тұрмысына, оқуына баса назар аудару керек деп санайды. Өйткені еліміздің ертеңі мен болашағы – балалар десек, олардың проблемасы күн тәртібінің басты мәселелерінің біріне айналуға тиіс. Осыған байланысты қаржы сарапшысы бізге тағы да мынадай маңызды мәселені айтты:
«Елдегі кедей отбасыларда өсіп жатқан балалар саны миллионнан асады. Бұл – үлкен көрсеткіш. Сол азаматтардың қосымша білім алуға, мәселен, репетитор жалдауға мүмкіндігінің жоқтығы, бойындағы өнер-білімді тиісті деңгейде дамыта алмауы да – үлкен мәселе. Мұның жаман сценариіне үңілсек, ол балалар болашақта жоғары біліктілікті қажет ететін жұмыстарды істей алмайды. Сөйтіп қара жұмыс істейді, оның соған орай ақысы да төмен болады. Сондықтан елдің болашағы саналатын балалар мәселесі назардан тыс қалмауы керек деп санаймын» , - деп сөзін түйіндеді ол.