Kaspi.kz $650 млн еурооблигация шығарылымын табысты орналастырды
Kaspi.kz $650 млн еурооблигация шығарылымын табысты орналастырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл Қазақстан тарихындағы мемлекеттік емес компанияның инвестициялық рейтинг облигацияларының ең ірі шығарылымы.
Kaspi.kz 18 наурызда 5 жыл өтеу мерзімімен $650 млн сомаға алғашқы еурооблигацияларын табысты түрде шығарды. АҚШ, Еуропа және Азияның ірі қорлары инвестор болды.
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:
Kaspi.kz облигациялары 6,25% мөлшерлеме бойынша орналастырылған және 2030 жылы өтелуі тиіс. Тартылған қаражат жалпы корпоративтік мақсаттар мен дамуға жұмсалады.