Қазақстанның 6 қаласында қоқыс жағатын зауыттар салынады

329
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев қоқыс жағатын зауыттардың құрылысы жайында айтты- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Қалдықтармен жұмыс істеу мәселесіне көшейін. Түзілген қатты тұрмыстық қалдықтар көлемін айтарлықтай қысқарту үшін заңнамалық деңгейде «Waste to Energy» тетігі енгізілді. Қоқыс жағатын зауыттар салу үшін 6 қала анықталды. Алғашқы аукциондық сауда-саттық өткізілді. Инвестор анықталды. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады. Жеке инвестициялар 292 млрд теңгені құрайды. Өз кезегінде, мемлекет қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді», - деді министр Үкімет отырысында.

Министр бей-берекетсіз үйінділерді жою және болдырмау жұмыстары жүріп жатқанын еске салды. Бүгінгі күні 7,3 мың үйіндінің 86 пайызы жойылды.