Ақтөбеде ядролық медицина орталығы салынады
Түрік инвесторлары Ақтөбе қаласына ядролық медицина орталығын салу үшін 50 млн теңге жұмсамақ, - деп хабарлайды Opennews.kz аұпарат агенттігі.
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов «OrhunMedical» түрік компаниясының өкілдерімен кездесті. Инвесторлаоға өңірдің денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды.
Кездесу барысында Ақтөбе қаласындағы ядролық медицина және томотерапия орталығымен бірге ОrhunМedical көпсалалы клиникасын салу жпйы сөз болды. Сондай-ақ Қазақстанның батыс өңіріндегі қалаларда Позитронды-эмиссиялық томографияның екі орталығын, бір фотонды эмиссиялық компьютерлік томографияны ашуға қатысты мәселелер талқыланды.
Жобаны «OrhunMedical» басқарма төрағасы Гоненч Дырык таныстырды. Инвестиция көлемі 50 млн долларды құрайды.
Ядролық медицина орталығының өндірістік қуаты айына 12 мың ОФЭКТ/КТ зерттеулерін құрайды. Ақтау және Атырау қалаларында жыл сайын 9 мың зерттеу жүргізіледі.
Сондай-ақ ол жергілікті басқарма басшыларына инвесторлар үшін қажетті қолдауды қамтамасыз етуді тапсырды.