БЖЗҚ зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегін 10 пайызға көтерді

43

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / KazinformБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін (ТЖШ) жариялады. Қор мәліметінше, көрсеткіш орта есеппен 10 пайызға өсті,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

ТЖШ ағымдағы және болжамды әлеуметтік-экономикалық параметрлерге сүйене отырып есептеледі. Оның ішінде ең төменгі зейнетақы мөлшері, ең төменгі жалақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі, инфляция және инвестициялық кірістілік ескеріледі.

2026 жылға арналған есептеулерде мына көрсеткіштер пайдаланылған:

Ең төменгі жалақы — 85 000 теңге;

Ең төменгі зейнетақы мөлшері — 69 049 теңге;

Ең төменгі күнкөріс деңгейі — 50 851 теңге.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.