ҚЫЗЫЛОРДАДА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ИЕЛЕРІ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУДЫ ТАЛАП ЕТУДЕ

2 564

Фото: Opennews.kzҚызылорда қаласындағы көпқабатты пәтер тұрғындары жергілікті биліктен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп беруін талап етуде,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Қызылордалық тұрғындар көпқабатты үйге қайта жөндеу жұмыстарын жүргізілуін, яғни модернизациялануын сұрайды.  Тұрғындардың айтуынша, 1984 жылы бой көтерген көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан су кетіп, өжірелерде жөндеу жұмыстарын жүргізілу қажеттілігі туындауда. Сонымен қатар, подъездегі электр сымдары балалар өміріне қауіп төндіруде. Осы орайда, қайта жөндеу жұмыстарының жүруіне жергілікті билік ықпал етсе дейді.

Кешенді бағдарламаның міндеті жөндеу жұмыстары сыртқы қасбетін әрлеу, сырлау, шатыр жабынын жөндеу, подъезд іші жұмыстары, пластикті терезелер, домофонды есіктер орнату сынды жұмыстарды да қамтиды.

«Ақмешіт №18 үй осы күнге дейін жөндеу көрмеген. Қабырғалары жарылып, электр сымдары ашық күйінде тұр. Балаларымыз үшін қорқамыз. Тиісті мамандар қолға алып, ықпал етсе дейміз»,- дейді 18 үйдің тұрғыны Жадыра.



Ақмешіт мөлтек ауданында орналасқан үйлердің қабырғасы қақырап, сылағы сыпырылып жатыр деген тұрғындар әкімдіктен араша сұрайды. Әбден тозығы жетіп, бұрын жөндеу жұмыстарын көрмеген үйіміз қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілсе деген тұрғындардың басты арманына айналған. Алайда, пәтер иелерінің ойы екіге бөлініп отыр. Себебі 12 подъезді үйдің тұрғындары жөндеу жұмыстарын өздері жасап алғандары да бар. Тіпті бейнекамералар орнатып, домофондар койылған. Осы орайда, жергілікті билікке ұсыныс бермеген тұрғындар арасында өзара түсініспеушілік орын алуда. 

«Модернизациядан өткені жақсы. Бірақ 7-8 жыл көлемінде ақысын төлеу өте қиын. Өжірелеріміз жөндеуді талап етіп отыр. Бірақ біз көршілерімізбен келісіп, тазалық үшін өзіміз домофон орнатып, әктеу, сырлау жұмыстарын жалдамалы жұмысшылар арқылы жүзеге асырып отырмыз»,- деді Камила.



Ал, сала мамандарының айтуынша, қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде көпқабатты тұрғын үйдің пәтер иелерінің 70 %  қол қойылу тиіс хаттама толтырылу керек екендігін мәлімдеді.

Десек те, Қызылорда қаласында 815 көпқабатты үй бар. Оның ішінде 426 көпқабатты тұрғын үй жөндеуді қажет етеді. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың  2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында қаладағы  134 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұдан бөлек 26 үйді жаңғыртудан өткізуге бюджеттік өтінім ұсынылған.


Алайда, тұрғындар тарапынан тиісті қол жинауда пәтер иелерінің басым көпшілі қарсылық танытып жатқандығы да жасырын емес.