5 жасар қызды іздеу: әзірге нәтиже жоқ

376

Қостанай облысының Жамбыл ауылында жоғалып кеткен кішкентай Мәдина Ерланқызын іздеу таңға дейін жалғасты, деп хабарлайды Экспресс К

Облыстық ПД баспасөз қызметі


Кеше кешкілік бүлдіршіннің жүгері алқабында жүргені туралы хабар дүрліккен жұрттың үмітін оятқан. Барлық іздеуші топ куәгер нұсқаған алқапты аралауға кірісті. Тіпті жылу түсіргіш құрылғы да пайдаланылды. 33 және 10 гектарлық екі жүгері танабы, сондай-ақ екі картоп алаңы сүзілген. Әйткенмен түні бойы жүргізілген іздеуден еш нәтиже шықпады. Облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер іс-шара таңның атысымен жалғасын тапқанын айтып отыр.


Бүгін іздеу шараларына Ұлттық ұланның әскери қызметшілері және шекара әскерлері қосылды. Таң атқаннан бастап аумақты аралау жалғасып жатыр. Іздеу аймағының жалпы көлемі 100 гектардан асады. Ақпарат әр сағат сайын беріліп отырады,— дейді баспасөз қызметі.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.