Алматы әкімдігі 25 млн теңгеге гүл шоқтарын сатып алмақ

321
Алматы қаласы әкімінің аппараты "Gulder.kz (Гүлдер.кз)" ЖШС-мен "кесілген тірі гүл шоқтары мен композицияларды" жеткізуге келісімшарт жасасты. Келісімшарттың жалпы сомасы - 25 млн теңге,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тендерлік құжатқа сәйкес, жеткізуші "гүл шоқтары, себеттер, композициялар, сапалы кесілген тірі гүлдер түріндегі гүл өнімдерін" ұсынуы керек.

Әкімдік “Gulder.kz”-тің қызметін бір көзден, тікелей келісімшарт жасасу арқылы сатып алған. Яғни, әкімдіктегілер сатып алушыға одан гүл сатып алу туралы ұсыныспен өздері жүгінген.


Гүл не үшін және қанша көлемде сатып алынатыны көрсетілмеген. Мемлекеттік сатып алу порталының деректеріне сәйкес, шарт 9 ақпанда жасалған. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік әлі гүлді әкімдікке жеткізбегенге ұқсайды, себебі порталда қызмет ақысы төленбегені көрсетілген. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.