“Мәйіттің иісі шыққан” пәтерден әйелдің денесі табылды

2 517

Фото: ©freepikАқтау қаласының 7-ықшам ауданында жасы үлкен әйел адамның мәйіті табылған,- деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі  kyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
№27 үй тұрғындарының айтуынша, зейнеткер әйел жалғыз тұрған. Соңғы күндері оны ешкім көрмеген, кейін подъезде мәйіт иісі сезілген. Көршілер күмәнданып, шұғыл қызметтерге хабарласқан. 3-ші наурыз күні шамамен сағат 16:00-де оқиға орнына полиция қызметкерлері мен құтқарушылар келген. Өңірлік ТЖД мәліметінше, мамандар пәтердің терезесін ашып, ішке кірген, содан соң кіреберіс есікті ішінен ашып, құқық қорғау органдарының кіруіне мүмкіндік жасаған. Нәтижесінде, пәтерден әйел адамның мәйіті табылған.

Өңірлік полиция департаменті әйелдің 79 жаста болғанын хабарлаған. Оқиға Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде 001 (Адам өлімі) коды бойынша тіркелген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.