«Ораза ұстай алмасаңыз, мешітке күніне 3 мың теңге төйлейсіз» – тараздық имам (ВИДЕО)

449
Желі белсендісі Бейсенғали Көкей Facebook-тегі парақшасына тараздық келіншектің виеоүндеуін жариялады. Әйелдің айтуынша, Тараз қаласындағы Байзақ ауданының мешітінде имамдар ораза ұстамаған тұрғындарға күніне 3 мың теңгеден «айыппұл» төлеп отыруды міндеттеген,-  деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мешітке жұма намазға кіріп едік. Сонда «Егер ораза ұстауға мүмкіндігіңіз жоқ болса, күніне 3 мың теңге төлеп отырыңыз» дейді. Сіздер осындай заңды естідіңіздер ме? Бұл қайдан шыққан заң? Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан пітір садақаны естуіміз бар. Естімедім деген адам болмайтын шығар… Ал енді мен осы уақытқа дейін не бір әке-шешемнен, не бір жүзге келген, жүзден асқан атам мен әжелерімізден «Ораза ұстамасаң, күніне 3 мың теңге төлеп отыр» дегенді естімеппін», – дейді видео авторы.

Бұл ретте ол бір адам 30 күдік оразаны ұстай алмаса, мешітке айына 90 мың теңге төлеуге міндетті екеніне сенер-сенбесін білмей дал.

«Жығылғанға жұдырық» болып, өзі езіліп жатқан халықты одан сайын жерге аяқтарыңызбен таптап тастадыңыздар ғой. Ертең о дүниеге барған кезде біз Алла-тағалаға қалай жауап береміз? Айтыңыздаршы сіздер!..» – деді ол мешіт өкілдеріне қарата.

Ал шариғатта «Егер адам ораза ұстай алмайтын дәрежеде ауру болса, 30 күндік Рамазан оразасына 53 келі ұн береді немесе соның құнына алтынмен беруге болады» делінген. Соған сүйенсек, қазір елімізде 50 келілік бір қап ұн әртүрлі компанияның қойған бағасы мен сортына қарай 6-11 мың теңге аралығында сатылып жатыр. Мешітке айына 90 мың теңге төлеу керек деген шарт жоқ.