13 жастағы жасөспірім көлік жүргізіп жол апатына түсті, екі адам қаза болды
Алматы облысы Жалпақсай ауылында 13 жастағы жасөспірім көлік жүргізіп, соңы адам өліміне әкелді. ВАЗ мен Hyundai Grandeur көліктері соқтығысып, екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жол-көлік оқиғасына Lada көлігінің 34 жастағы жүргізушісі күдікті. Ол басты жолда келе жатқан көлікке жол бермеген. Салдарынан 13 жастағы жасөспірім жүргізген Hyundai бағанаға соғылды. Ол ауруханаға жеткізілді. Lada жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
Полиция жағдайдың егжей-тегжейін, соның ішінде 13 жастағы баланың рөлде қалай болғанын тексеріп жатыр. Оның ата-анасы жауапқа тартылып, 80 мың теңгеге дейін айыппұл салынады немесе 10 тәулікке дейін қамауға алынады. Соңғы шешімді сот шығармақ.