Байқоңырға рейстер ашылады

1 486

Фото: pixabay.comҚазақстан Ресеймен Байқоңырға әуе қатынасын орнатуға келісті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Мақсат – ғарыш стансасына туризмді дамыту.  Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегация Ресей көлік министрінің орынбасары Владимир Потешкинмен кездескен. 

"Ғарыш стансасына туризмді дамыту мақсатында Қазақстан мен Ресейден Байқоңырға әуе қатынасын орнату туралы келісімге қол жеткізілді", - делінген хабарламада. 

Қала әкімшілігінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Байқоңыр – жалға алу жағдайында жұмыс істейтін Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бірлігі. Бұл "Байқоңыр" кешенінің әлеуметтік-мәдени және әкімшілік орталығы, оның қолданыстағы инфрақұрылымы Ресейдің ғарыш саласын дамыту бойынша алға қойған міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.