Жүк пойызы рельстен шығып кеткен

1 598

Фото: видеодан скриншотТүлкібас ауданында жүк пойызының 5 вагоны рельстен шығып, аударылып қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап.


Оқиға куәгерлері түсірген видеодан жүк пойызының 5 вагоны аударылып жатқанын көруге болады. 


“25 маусым күні сағат 19:20-да Түлкібас – Арыс учаскесінде Меңлібай – Көктерек учаскесінің күрделі қисық учаскесінде жүк пойызы рельстен шығып кетті”, – деп ҚТЖ болған жағдайға қатысты пікір білдірді. 


Кешіккен пойыздардың жолаушыларына өтемақы төленбек. Сондай-ақ олар ауыз сумен және тамақпен қамтамасыз етілетін болды. 


“Түркістан облысында жүк пойызы вагондарының рельстен шығып кетуіне байланысты жолаушылар пойыздары кешігуі мүмкін”, – ескертті "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.


Сағат 21:00-дегі ақпарат бойынша:

№21 "Семей-Қызылорда"

№ 203 "Астана-Шымкент"

№22 "Қызылорда-Семей"

№46 "Түркістан-Павлодар"

№24 "Ақтөбе-Алматы"

№55 "Көкшетау-Қызылорда"

№87 "Алматы-Сарыағаш"

№78 "Маңғыстау-Алматы"

№30 "Атырау-Алматы

No34 "Ақтөбе-Алматы"

Жоспар бойынша, 26 маусым күні таңғы сағат 04:00-де пойыз қозғалысы қайта жанданған.


“Компания қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды. Сондай-ақ жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес жолаушыларға кешіктірілген әрбір толық сағат үшін 3% мөлшерінде өтемақы төленетінін хабарлайды. Бірақ өтемақы мөлшері жол жүру құнынан аспайды", –  делінген ресми хабарламада.


Рельстен шығып кеткен жерде Шымкент, Арыс және Тараз станцияларының қалпына келтіру пойыздары жұмыс істеп жатыр. Пойыз вагондарының рельстен шығуына жеке вагонның дөңгелек жұбы осьінің сынуы себеп болған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.