Көкшетауда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды

1 585

Фото: Абзал АлпысбайұлыКөкшетауда су тасқынына байланысты жергілікті масштабта төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.


Бұл туралы Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса мәлімдеді. Мұндай шешім қаланы қақ ортасынан кесіп өтетін Қылшақты өзенінің арнасынан асып кетіп, маңындағы үйлер мен көшелерді тұтастай су басқанына байланысты қабылданған.


"Жағдайды тұрақтандыру үшін Көкшетауда төтенше жағдай режимін жариялау туралы шешім қабылданды, оның шеңберінде барлық залал бағаланып, оларды өтеу жөніндегі мәселелер комиссиялық түрде шешілетін болады. 29 наурыздағы жағдай бойынша жүзге жуық адам дайындалған орындарға орналастырылды. Зардап шеккендерге қажет көмек көрсетіледі. Зардап шеккендер мына нөмір арқылы өтініш бере алады 8 775 666 99 08", - деді Көкшетау қаласының әкімі.


Жергілікті атқарушы орган мен төтенше жағдай қызметінің ресми мәліметінше, қазір үйлерін су басқан қала тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланып жатыр.


"Барлығы 113 адам эвакуацияланды, оның ішінде 30-ы - бала. Көкшетау қаласының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бейімдеу орталығына 50-ден аса адам орналастырылды. Бүгін Қылшақты өзені көтерілуіне байланысты 16 жеке үй, 29 аула және 12 көпқабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ, "Ертөстік" балабақшасының 1 қабаты су астында қалды", - деді өңірдің ТЖД өкілдері.


Қазір еріген суды сору жұмыстары жалғасып жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.