Көкшетауда су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Көкшетауда су тасқынына байланысты жергілікті масштабта төтенше жағдай жарияланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса мәлімдеді. Мұндай шешім қаланы қақ ортасынан кесіп өтетін Қылшақты өзенінің арнасынан асып кетіп, маңындағы үйлер мен көшелерді тұтастай су басқанына байланысты қабылданған.
Жергілікті атқарушы орган мен төтенше жағдай қызметінің ресми мәліметінше, қазір үйлерін су басқан қала тұрғындары қауіпсіз жерге эвакуацияланып жатыр.
Қазір еріген суды сору жұмыстары жалғасып жатыр.
Читайте также

Қаз
Рус





