1000 доллар көлемінде пара алған полиция басқармасының бастығы ұсталды

1 280

Шымкент қаласында пара алды деген күдікпен көші-қон полициясы басқармасының бастығы ұсталды, деп хабарлайды "Opennews.kz" Қазақстан ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.


Ресми мәліметке сәйкес, бүгін ұлттық қауіпсіздік комитеті мен қалалық полицияның өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері еңбек демалысында жүрген көші-қон полициясы басқармасының бастығын ұстады.


"Ол 1000 доллар көлемінде ақшалай сыйақы алды деген күдікке ілінді. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жай сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады", - делінген ресми хабарламада.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.