Түркістанда түн ішінде ән шырқаған жедел жәрдем жүргізушісі жұмыстан қуылды

427

Фото: Денсаулық сақтау министріТүркістанда түнгі екі шамасында көліктің дыбыс зорайтқышы арқылы ән шырқап, көшенің қақ ортасында айнала жүрген жедел жәрдем жүргізушісі жұмыстан босатылды.

Басылымның мәліметінше, жүргізуші бұл әрекеті үшін кешірім сұрағанына қарамастан, басшылық еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жұмыстан шығарған.
 
Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістанда тұрғындардың тыныштығын бұзған жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылғанын хабарлаған едік. 

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл жайт 30 сәуір күні Түркістан қаласы Бекзат
Саттарханов даңғылында түнгі сағат 02.00 шамасында болған. 

Белгілі болғандай қызметтік көлік жүргізушісі Арыс қаласының тұрғыны. Ол облыс орталығы Түркістан қаласына жедел жәрдем көлігімен науқасты алып келгеннен кейін, қайтып бара жатқан уақытта көліктің дауыс зорайтқышы арқылы ән айтып, түнгі уақытта тұрғындардың тыныштығын бұзған.

Түркістан ҚПБ полицейлері жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабының 1-бөлігі (Тыныштықты бұзу) бойынша хаттама толтырған. 

Сонымен қатар, ер азамат тиісті сот-наркологиялық сараптамадан өтіп, куәландыру қорытындысына сәйкес оның спирттік ішімдік ішпегені анықталған. Құқықбұзушы өзінің кінәсін толық мойындап, кешірім де сұраған. 
Сондай-ақ, алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбасы үшін полицейлер тарапынан еразаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізілген.