Алматыда жемқорлыққа қарсы мурал пайда болды

2 285

Фото: Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасыАлматыда жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында «Адал ұрпақ – жемқорлықсыз болашақ» атты мурал пайда болды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мурал жастар саясаты басқармасының қолдауымен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік жоба аясында салынды. Алатау ауданы, Зерделі шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіндегі арт-нысан жастарды адалдық пен әділеттілікке және сыбайлас жемқорлықтан бас тартуға үндейді.


– Мурал жобасының мақсаты — ел болашағы саналатын жастарға бағытталған тәрбиелік, көркем әрі азаматтық үндеу. Онда еңбек адамы – дәрігер, құрылысшы, полиция қызметкері бейнеленіп, адал еңбектің қоғамдағы маңызын көрсету көзделген. Бұл Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы «Заң мен тәртіп» қағидатына сәйкес, тұрақты даму негізін насихаттайды, – дейді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Алмаз Кенесбай.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік жобаның жетекшісі Әкежан Кенесовтың сөзінше, волонтерлік жобаға 300-ге жуық жас белсенді қатысып жатыр.

Олар мемлекеттік сатып алу процестері мен құрылыс нысандарында ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық бақылау жүргізіп, құқықтық және мәдени сауаттылықты арттыру бағытындағы іс-шараларға ұйытқы болады.

Осыған дейін Астанада «Ұлттық ұлан — ел айбыны» патриоттық муралы ашылған болатын. 

Сондай-ақ Қонаев қаласында еңбек адамдарына арналған муралдар пайда болған еді. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.