«Қор болған атақ». Қызылордалық белсенділер желіде қарсылығын білдірді

670


Қызылордалық қоғам белсенділері өз парақшаларында лауазымды адамдарға беріліп жатқан атақ туралы пікір жазды, деп хабарлайды opennews.kz ақпарат агенттігі.

Белсенділер желідегі жазбасында өңірдегі кейбір атақ, марапат алған шенеуніктердің ол сыйлыққа қалай лайықты болғанын түсінбейтінін мәлімдеген.

Тәуелсіз журналист Үйтолған Жареке фейсбуктегі парақшасында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында «күллі республикаға аймандай болып, парамен ұсталып кеткен» адамға «Ауданның құрметті азаматын» беруге не түрткі екенін сұрады.

«Ауданды басқар, дамыт, ие бол деп жіберген облыс әкімінің сенімін, халықтың үмітін тәрк етпеп па еді? Небары жылға жетпес уақытта "қызық үстінде" қолға түсіп, Жалағаштан кісенмен аттанып, қайтып мемқызметке келе алмай қалып еді»

, деп жазды ол.

Тәуелсіз журналист логикаға салса, қазіргі парақор, сыбайластар да он жылдан соң келіп «замәкім» болып, атақ алуы бек мүмкін екенін айтты. 

Сондай-ақ, белсенділердің бірі Ләззат Бақтыбаева фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Ерлан Райғаниевке «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісі табысталғанына қарсылық білдірді.

Өңірдегі лауазымды қызметте небары бір жылдай жұмыс істеген аппарат басшысына бұл атақ лайықты емес деген мазмұнда пікірлер бар. Тіпті кейбіреуі «қор болған атақ» деп жазды.

Қоғам белсендісі Ләззат Бақтыбаева осы атақтың аппарат басшысына қай «Ерен еңбегі» үшін берілгенін түсінбейтінін баяндаған.

 

«1 жыл Гүлшара Әбдіқалықованың аппаратын басқару «Ерен еңбек» екен!!!

Оның ішінде:

1) Ханның қызы атағын әпергені үшін;

2) Елшіні босағада ұстағаны үшін;

3) Тонировкалы көлікпен масқаралағаны үшін;

4) Шахматтың арқасында әйгілі болғаны үшін!!!»

 деді өз жазбасында Ләззат Бақтыбаева.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.