Назарбаев әулеті Дубайда жүр, Самат Әбішке ордер берілген – депутат

376

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым сұхбат беріп, Назарбаев әулеті, референдумнан кейінгі өзгерістер, суперпрезиденттік жүйеден бас  тарту туралы пікір білдірді,- деп хабарлайды Orda.kz сайты.


Депутат референдум ойдағыдай өткенін айтты. Айдос Сарымның пікірінше, референдумға көпшілік өз еркімен дауыс берген.


Референдум ойлағандай өтті деп ойлаймын. Өтірік дауыс беру туралы көп дерек жоқ. Бірінші күні прокуратураға 7 шағым түскен, бір облыстан бесеу, басқа жақтан екеу деген сияқты. Бұрынғыдай 1500 адамды залға жинап, әңгіме айту деген болған жоқ. Жалпы Мәжіліс депутаттары күніне 500-ден астам жиын өткізіп тұрды. Көпшілік елдің жақсы жаққа өзгергенін қалайтынын айтып, ұнасын, ұнамасын дауыс беруге барамыз деді. Екінші мәселе, бұл Конституциялық өзгерістерді парламентте де қабылдауға болатын. Меніңше, президентке керегі екінші Республика деген концепция, – деді ол.

Сондай-ақ, депутат Назарбаев әулетінің қайда екенін айтып, экс-президенттің не үшін референдумға дауыс беруге келгенін жеткізді.

Қазақстаннан шыққан үш мыңнан астам адам Дубайдағы1 млрд доллардың мүлкін иеленіп отыр деді. Бізде миллиардерлерге қызмет ететін пысықайлар бар. Сол сияқтылар шығар азаматтық алған. Назарбаев әулетінің біразы Дубайда жүр. Шәріпбаевтың, Сатыбалдының әңгімесі бар. Естуімше, «Самат Әбішке ордер беріліпті» деген әңгіме бар. Әрине, бір-екі туыстарың қылмысты болса, мүлкі тәркіленсе ұнамайды ғой. Олар да ойланып, күдіктенеді. Нұрсұлтан Назарбаевқа Конституциядан Елбасы атағын алып тастағаны жүрегіне бататын шығар. Бірақ біреуге ұнасын, ұнамасын бір сөз айтайын. Нұсрұлтан Назарбаев – Қазақстан тарихының мызғымас бір бөлігі. Осы мемлекет қалатын болса Назарбаевтың аты аталады. Саясат деген ақ пен қараның қақтығысы емес, әлем түрлі-түсті, – деді Сарым.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.