Бір топ адам жабылып ер адамды соққыға жығып, пышақтаған

1 619

Фото: видеодан скриншотӘлеуметтік желіде Алматыда болған жаппай төбелестің видеосы тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Әлеуметтік желіде тараған кадрларда бір топ адамның жабылып ер адамды соққыға жыққанын, жәбірленушінің жерде қансырап жатқанын көруге болады. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ер адамды пышақтап кеткен.


Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты “бұзақылық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық қару тәркіленді.


Іс бойынша тергеу жалғасуда.

:

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.