Әскери бөлімде «Ашық есік» күні өтті

159

 Фото: Қызылорда гарнизонындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бөліміҚызылорда гарнизонындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бөлімінде әскери қызметшілердің балаларына «Ашық есік» күні өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Сыр өңіріндегі әскери бөлімдер мен мекемелерде «Балалар жылы» аясында түрлі іс-шаралар атқарылып келеді. Сондай шараның бірі әскери бөлім командирі капитан Жанболат Әкеновтың ұйымдастыруымен өтті. Онда әскери қызметшілердің балалары бөлім аумағындағы әскери нысандармен, жауынгерлік техникалармен және қару-жарақтармен танысты. Әскери қызметшілер балалардың күнделікті қызмет жайлы сұрақтарына жауап беріп, оларды болашақта Отан қорғаушы болуға шақырды.
Іс-шараның мақсаты жеке құрамның отбасы мүшелерін әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен жақын таныстыру, жас буынды патриотизмге тәрбиелеу болып табылады.

"Менің әкем осы әскери бөлімде қызмет атқаратынын білетінмін. Бірақ, бұрын-соңды әскери бөлім аумағына кіріп, олардың немен айналысатынын көрген емеспін. Бүгінгі шара барысында әкемнің жұмыс орнымен танысып шықтым. Әскери өмір қиын да қызықты екен. Менде осы сәттен бастап өскенде әскери адам болуға талпыныс пайда болғандай", – дейді әскери қызметшінің қызы Жансая Оразбай. 


Қазіргі заманғы қару-жарақ үлгілері балалардың қызығушылығын туғызды. Болашақ Отан қорғаушылар бөлім асханасына бас сұғып, әскерилер дайындаған тәттілерден дәм татты. Жиын соңында ата-аналар балалары үшін ашық есік күнін ұйымдастырған бөлім басшылығына ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.
 
 Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.