Қаржы пирамидасы бойынша сотталғандар аштық жариялады

82

Ақтөбеде "Гарант 24 Ломбард" қаржы пирамидасы бойынша сотталғандар аштық жариялады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

33 адам істі сотта қайта қарауды талап етуде. Бұл туралы  КТК арнасы арнайы түсірілім жасады.

"Ағам үш апта тағылымдамадан өтті. Соңында ол қызметкер ретінде, бригадир ретінде келді. Сол үшін оны сегіз жылға соттап жатыр. Ал шетелде қашып жүрген адамдар бар. Үш адам ақшамен кетіп қалды. Ал мына сотталғандар жай ғана қуыршақтар", – деді сотталғанның қарындасы Жанна Сетинова.

Атышулы іс бойынша барлығы 48 адам сотталды. Олар 7 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Мамыр айының соңында ірі қаржы пирамидасының қатысушылары мен ұйымдастырушылары апелляциялық шағым түсірді, бірақ сот бәрін өзгеріссіз қалдырды. Ал үкімнің өзі заңды күшіне енді.


Алаяқтар бүкіл ел бойынша 17 мыңға жуық қазақстандықты алдады. Адамдар фирмаға жылжымалы және жылжымайтын мүлік, қолма-қол ақша салды. Себебі қысқа мерзімде екі есе пайда табуға үміттенді. Бірақ соңында дымсыз қалды. Шығын 30 млрд теңгеден асты.


Сотталғандармен прокурорлар әңгіме жүргізіп жатқаны атап өтілді. Аштық жариялаған 33 адамның кейбіреулері бұл ойдан бас тартты.


"Бүгін олардың төртеуі тамақтануды қайта бастады. Қалған 29 сотталушы бүгінгі күні медициналық персоналдың бақылауында. Ұстау шарттарына, мекеме әкімшілігіне шағымдар жоқ", – деді Ақтөбе қаласының №70 мекемесінің бастығы Аман Құлмұхамбетов


"Гарант 24 Ломбард", "тиімді қарыз" және "Estate Ломбард" ұйымдастырушылары мен жасаушыларына үкім өткен жылдың тамыз айында шығарылды. Сондай-ақ сот қаржы пирамидаларының басшысы Жанболат Есіркеповтың туыстарының пәтерін тәркілеу туралы шешім шығарды, өйткені тұрғын үй қылмыстық жолмен алынған болып шықты. Түскен ақша залалды өтеуге жұмсалады.