Еліміздегі пойыздардың төменгі орындары қымбаттайды

164
Ұлттық тасымалдаушы пойыздағы жоғарғы және төменгі орындар билеттер құнына сараланған тәсіл енгізеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Пилоттық режимде «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 28 ақпанға дейін жөнелтілетін коммерциялық пойыздар вагондарындағы жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру құнына сараланған тәсілді енгізеді. Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жол ақысының айырмашылығы 20% құрайды.Жоба вагондағы орындарды біркелкі бөлу, сондай-ақ жолаушылардың төменгі орындарға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.

Мәліметке сай, сараланған тәсіл келесі жолаушылар пойыздарында қолданылады:

1. № 111/112 «Алматы – Маңғыстау»;

2. № 51/52 «Алматы – Орал»;

3. № 105/106 «Алматы-Петропавл»;

4. № 71/72 «Астана-Шымкент»;

5. № 29/30 «Алматы-Атырау».