Қарағандыда жалғызбасты ананы 18 жыл бұрын әкімдік берген үйінен қуып шыққан
277
Қарағанды облысында 2000 жылдары қараусыз қалған үйдің иелері сол үйде 18 жыл бойы тұрып келген жалғызбасты ананы далаға қуып шыққан, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.
Елена Мицель бұл үйге әкімдік ұсынған жалға алу келісім-шарты бойынша кірген. Жуырда иесіз қалған үйде жеті жыл тұрғаннан кейін, оны өз атына заңдыстырып алуға болатынын біліпті.
Сот Еленаны қорғамады. Мұны Елена үйге көшіп келмес бұрын иелерінен сатып алмақ болған деп түсіндірді. Елена да үй иесімен бір аулада тұрғанын жасырмайды. Алайда 18 жыл бойы иесі іздемегендіктен, оның не маңызы бар екенін түсінбей отыр.
Қазір пәтердің құны 200 есеге өскен. 2005 жылы қайтыс болған үй иесінің туыстары сондықтан да баспананы қайтарып алмақ.
Әкімдік ресми хатында үйдің иесіз екенін атап өткен. Алайда сот оны ескермеді.
Ал пәтер жалдап тұруға әйелдің жағдайы жоқ.
Үй иелері пікір білдіруден бас тартты. Ал әкімдіктегілер пәтер коммуналдық меншікке берілмеген, деді. Мұндай істерді тек сот шешеді деп шығарып салды. Еленаны мемлекеттік баспана кезегіне тұрғызды. Алайда ол келгенше әйелдің барар жері жоқ. Әйелдің қорғаушысы Жоғарғы сотқа кассациялық арыз даярлауда.
Елена Мицель бұл үйге әкімдік ұсынған жалға алу келісім-шарты бойынша кірген. Жуырда иесіз қалған үйде жеті жыл тұрғаннан кейін, оны өз атына заңдыстырып алуға болатынын біліпті.
"Пәтерді өз атыма рәсімдеп алайын дедім. Осында тұрып жатқаныма 18 жыл болды. Енді иесі пайда болды. Оның қайдан шыққанын білмеймін. 18 жыл бойы хабарласқан да, келген де емес. Шынымды айтсам, ол кісі Абайда жоқ деп ойлаппын", - дейді әйел.
Сот Еленаны қорғамады. Мұны Елена үйге көшіп келмес бұрын иелерінен сатып алмақ болған деп түсіндірді. Елена да үй иесімен бір аулада тұрғанын жасырмайды. Алайда 18 жыл бойы иесі іздемегендіктен, оның не маңызы бар екенін түсінбей отыр.
"Біз оған 30 мың теңге көлемінде ақша бердік. Ол кезде пәтердің құны сондай еді. Ол бір апта ішінде бізге сенімхат әкеліп беруі керек еді. Сол арқылы анам пәтерді өз атына аударып алар еді. Болды, содан кейін жоғалып кетті", - дейді Лена Мицель.
Қазір пәтердің құны 200 есеге өскен. 2005 жылы қайтыс болған үй иесінің туыстары сондықтан да баспананы қайтарып алмақ.
"Үй иесі. Ол тек ақшаға ие болу үшін мұрагерліктің 0011 куәлігін алған. Ал бұл пәтерге куәлік алмаған. Яғни, бұл пәтер ол заманда бұл кісіге керек болмаған", - дейді Елена Мицельдің адвокаты Татьяна Ермоленко.
"Еленаға жанымыз ашып отыр. Бұл үйді қалпына келтіріп, тырысты. Енді міне, тартып алмақшы. Он жылдан бері осында тұрып келемін. Үй иесін бірде бір рет көрмеппін", - дейді Еленаның көршісі Наталья Кобцева.
Әкімдік ресми хатында үйдің иесіз екенін атап өткен. Алайда сот оны ескермеді.
"Сот мені үйден шығару туралы шешім шығарды. Осы аптаның ішінде босатуым керек. Ал қайда баратынымды тіпті білмеймін. Кіші қызым әлі білмейді. Ертең келеді, жылайтын болады. Бәріміз үшін шок болып отыр", - дейді Елена Мицель.
Ал пәтер жалдап тұруға әйелдің жағдайы жоқ.
"Әкімдіктің әрекетіне шүйлігіп отырмын. Олар көбінесе үй иесін жақтап отыр. Әкімдік бірінші кезекте жалға алушының құқығын қорғауы керек еді. Бұл пәтерді бөліп берген өздері ғой. Арада 18 жыл өткен соң құқығын қорғамайтын болса, онда пәтерді несіне берген?" - дейді адвокат.
Үй иелері пікір білдіруден бас тартты. Ал әкімдіктегілер пәтер коммуналдық меншікке берілмеген, деді. Мұндай істерді тек сот шешеді деп шығарып салды. Еленаны мемлекеттік баспана кезегіне тұрғызды. Алайда ол келгенше әйелдің барар жері жоқ. Әйелдің қорғаушысы Жоғарғы сотқа кассациялық арыз даярлауда.
Тағы да оқыңыздар
Қазалы қарқынды дамуда
1 362