Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бала қауіпсіздігіне емес есепке көңіл бөле ме?
Қызылорда облысында балалардың көпқабатты тұрғын үйлердің терезелерінен, балкондарынан құлау жағдайы көбейіп барады, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
«Терезе» жедел профилактикалық іс-шарасы туралы
Бүгін – 27 мамырда Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтті.
Тақырыбы: Баланың қауіпсіздігі немесе «Терезе» жедел профилактикалық іс-шарасы туралы.
Спикерлер: Прежекенов Айдос Бахтиярұлы – Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы;
Жүгінісов Жандос Шаймұлы - Облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы;
Бақбергенов Жанболат Амалұлы - Облыстық ТЖД Төтенше жағдайларды алдын алу бөлімінің бас маманы.
Құрметті облыс тұрғындары, ата-аналар!
Статистика көрсеткендей, жыл сайын күн жылына бастағаннан кейін, балалардың терезеден құлауы сияқты жазатайым оқиғалардың өсуі байқалады. Бұл жағдайда ең үлкен қауіп-заманауи терезелерге орнатылған арнай москит торлары. Ата-аналардың немқұрайлы қарауы себебінен жыл басынан бүгінгі күнге дейін облыс көлемінде ата-анасының қарауынсыз қалуы салдарынан балалардың терезеден кұлап кетуі бойынша 9 жағдай тек Қызылорда қаласы бойынша орын алған. Соның салдарынан 1–7жас аралығындағы 10 бала зардап шеккен. Ал өткен 2023 жылы - 14 бала, оның ішінде 1 бала қаза болған.
Жасыратыны жоқ жылдың жарты жылдығының әлі басталмағандығын ескерсек 9 жағдай тек қала үшін өте көп. Демек, профилактикалық шаралардың тек қана дөңгелек үстел басында өтіп жатқандығының дәлелі секілді.
ТЖ алдын алу бөлімі жұмсақ креслоны жантайып жиын өткізуден нәтиже шықпайтынын ескерейік. Алдыңғы жылдары көпқабатты тұрғын үйлер арасында, балабақшалар мен көшелерде дауыс зорайтқышпен айқайлап сақтыққа шақырып отырушы еді. Қазір кабинеттен әрі аспайтын секілді. Балалардың терезеден құлауын алдын алу мақсатында ешқандай жұмыс атқармастан не мақсатта брифинг өткізудесіздер.
Терезеден құлаған кезде балалар ұзақ мерзімді емдеу мен қалпына келтіруді қажет ететін ауыр жарақат алатынын атап өткен жөн. Ал кейбір жағдайларда бала мүгедек болып қалады, көбінесе оқиға орнында немесе ауруханаға барар жолда қайтыс болады.
Құрметті қала тұрғындарымен қонақтары үйде кішкентай бала болса, терезені ашық қалдырмаңыздар. Терезенің қорғаныш қабаты болмаса москит торларын пайдаланбаңыздар. Москит тор баланың қауіпсіздігіне жауап бермейді. Сондай-ақ, баланың терезе алдына шықпауы үшін оның жанына жиһаз қоймағаныңыз абзал. Балаларға қауісіздік сабақтарын үйрету өте маңызды»,- деді Облыстық ТЖД Төтенше жағдайларды алдын алу бөлімінің бас маманы.
Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін осы ережелерді сақтау керек:
•баланың терезені өз бетінше ашуына кедергі келтіретін терезелерге блакираторлар орнату;
•бала терезеге көтеріле алатын жиһазды терезелердің жанында қалдырмаңыз;
•терезеде тиісті қорғауы жоқ арнайы москит торларын пайдаланбаңыз (бала алда кейбір кедергілерді көрмейді, оған сенімді түрде сүйенеді және баланың салмағына есептелмеген тормен бірге құлап кетуі мүмкін);
•баланы ересектердің қарауынсыз, терезелері ашық жерде, сондай-ақ оларды өздері аша алатын жерде қалдырмаңыз;
•балаларға ашық терезенің қауіпті екенін түсіндіріңіз, москит торға сүйенуге болмайтынын ескертіңіз. Балалар терезенің жанында тұрып, оған көтерілуге тырысқанда, қауіп туралы үнемі еске салуы керек.
•Осы қарапайым ережелерді сақтай отырып, сіз балаңыздың өмірін сақтайсыз, делінген хабарламада.