Қызылорда облысының экономикадағы серпіні: кәсіпкерліктің басты көрсеткіштері
Қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Мұхтар Жетілгенов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне І жартыжылдықта салада атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар бойынша баспасөз конференциясын өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қызылорда қаласы мен қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде барлығы 33 519 кәсіпкерлік субъекті жұмыс жасауда. Бұл кәсіпкерлік субъектілерде 69 857 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 721 млрд. 913 млн. теңгенің өнімі өндірілді.
Бұдан бөлек, сауда базарларын жаңғырту жұмыстары жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асуда. 2024 жылы «Сұлтан» базарын жаңғырту жұмыстары қолға алынып, қазір құрылысы аяқталуға жақын.
Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шаралары оң нәтижесін беруде. Соның бірі, ауыл тұрғындaрының әл-aуқaтын жaқсaрту мақсатында іске қосылған «Ауыл аманаты» жобасы аясында 238,83 млн. теңгені құрайтын 34 жоба қаржыландырылды. «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы микроқаржы ұйымы арқылы, жалпы құны 293,5 млн. теңгеге 7 жоба жоба қаржыландырылды. Аталған ұйымның «Іскер» бағдарламасымен қалаға қарасты кент және ауылдық округтарден 266,73 млн. теңгені құрайтын 30 жоба ұсынылды.
Екінші деңгейлі банктердің кәсіпкерлік мақсатта ұсынылған несиелерін Даму қорымен субсидиялау шаралары да жалғасуда. Жыл басынан бері 3 млрд. 691 млн. теңгені құрайтын 64 жобаға қаржылай қолдау көрсетілді.







