Шымбұлақта шетелдіктер курорт қызметкерлеріне шабуыл жасады
Шымбұлақта шетелдіктер мен қазақстандықтар арасында жаппай төбелес болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Шымбұлақ» базалық стансасында шетелдіктер курорт қызметкерлеріне шабуыл жасаған. Төбелеске шаңғы тебуге керек жабдықтарды киген адамдар да қатысқан.
Оқиға 1 ақпан күні кешкі уақытта болған. Шаңғы курорты әкімшілігінің мәліметінше, бір топ шетелдік мас болып, сол жердегі адамдардың мазасын алған. Кейін шаңғы мектебі қызметкерлерімен жанжалдасқан. Мәліметтерге сүйенсек, шетелдіктердің біріне қолы босамай тұрған кассирді ұзақ күткені ұнамай қалған. Әуелі қызметкермен сөзге келіп, сосын алыса кеткен. Қызметкерлер полиция шақырыпты.