Кәмелетке толмағандарға арналған түзету колониясы ашылды

1 521

Фото: PixabayАлматыда халықаралық стандарттарға сай жабдықталған кәмелетке толмағандарға арналған түзету колониясы өз жұмысын бастады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Мекеме 200 жасөспірімді қабылдауға есептелген. Колонияда олар тек жазасын өтеп қана қоймай, білім алып, қоғамға бейімделуге мүмкіндік алады.

Колония аумағында мектеп, оқу кабинеттері мен өндірістік шеберханалар, кітапхана, акт залы, асхана, медпункт, футбол алаңы, жабық спортзал және ашық жаттығу алаңқайы бар. Жасөспірімдер орта білім алып, дәнекерлеуші, токарь, тігінші, шаштараз сияқты жұмысшы мамандықтарды меңгере алады.

 




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.