Қызылордалық жігіт өзі жұмыс істейтін дәмханаға ұрлыққа түскен

288
Қызылордалық жігіт өзі жұмыс істейтін дәмханаға ұрлыққа түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 10 шілде күні қала орталығында орын алған. Дәмхана иесі түн мезгілінде ұрлық болғанын байқап, Полиция басқармасына хабар берген.
Белгісіз біреу есепшінің бөлмесінде тұрған сейфтен ақша ұрлаған. Жәбірленушіге 700 мың теңгеден астам залал келтірген.

Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде, тәртіп сақшылары ізін суытпай күдіктіні анықтады. Ол сол дәмханада жұмыс істейтін 22 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-баптың 1-бөлігінің сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.