Балық аулауға шыққан ер адам суға батып кетті

1 553

Фото: Павлодар облысы ТЖДОқиға Екібастұз қаласы маңында, 7-8-ші сорғы ауданында болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ер адам абайсызда мұз жарығына түсіп кетіп, көз жұмды деген болжам бар.


Бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.


«28 наурыз күні сағат 17.55-те-де Екібастұз қаласында, 7-8-ші сорғы ауданында 1951 жылғы азамат жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. Ол соңғы рет сағат 12.00-де байланысқа шыққан. Арада біраз уақыт өткен соң немересі оның көлігін су қоймасының жағасынан тапты. Бүгін таңертең 5 құтқарушы іздеу-құтқару жұмыстарына кірісті. Олар балықшының мүрдесін судан алып шықты», - деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.