"Мал және құс шаруашылығы қожалықтарына арзан бағада 130 тонна жемдік астық сатылды" - министр
Азық-түлік корпорациясы мал және құс шаруашылығы қожалықтарына арзандатылған бағамен 130,5 мың тонна жемдік астық сатты. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Оның атап өтуінше, 2022 жылғы сәуірде республикалық бюджет комиссиясының отырысында 200 мың тонна көлемінде жемдік астық сатып алу үшін Азық-түлік корпорациясының жарғылық капиталын ұлғайтуға 20 млрд теңге бөлу мақұлданды. 22 тамыздағы жай-күй бойынша Азық-түлік корпорациясы мал және құс шаруашылығы қожалықтарына арзандатылған бағамен 130,5 мың тонна жемдік астық сатты. Бұл нарықтық бағадан 30 пайызға төмен.