Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өткізілді
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде 2021 жылғы 11 қазанда Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Жалғасбаев Ертілеу Шынтасұлы брифиг өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Брифингте Е.Жалғасбаев ағымдағы жылғы 9 айда халықты зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыруда, медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізуде, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнаманың сақталуын бақылауда атқарылған жұмыстар туралы, оның ішінде мүгедектігі бар тұлғалар үшін әлеуметтік-көліктік инфрақұрылым объектілерне қолжетімділік қамтамасыз етілуін бақылау шаралары туралы баяндады.
Баяндамада хабарланғандай, Облыс бойынша 9 ай қорытындысымен республикалық бюджеттен 247531 адамға жалпы сомасы 98,6 млрд. теңге зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы төленген.
Есепті мерзімде Республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға қатысты 17 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 84598 қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсетіліп, іс-макеттері бекітілді (оның ішінде 42204 іс-макеті қайта қаралды, 42394 - жаңадан рәсімделді).
9 айда 2360 іс-макеті бойынша зейнетақы және жәрдемақы тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданып, 1203 іс-макет толықтыруға кері қайтарылған (оның 1047 - жаңадан тағайындалған, 156 - қайта қаралған зейнетақы және жәрдемақы істері бойынша кері жолданған), олардың басым бөлігі зейнетақы төлемдері (1070) мен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар (117) болған.
Облыс бойынша 2021 жылғы 1 қазанға 30946 мүгедектігі бар адам тіркелген (оның ішінде I топтағы – 3230, II топтағы – 10489, III топтағы – 11766 адам, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 5461).
Медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімдерімен 9 айда 7773 қызмет алушыларға мүгедектік тағайындауға қатысты мемлекеттік қызмет көрсетілді (2020ж. 9 айда – 6046 немесе 28,6%-ға көбейген).
1628 қызмет алушыға алғаш рет мүгедектік тобы тағайындалған (2020 ж. 9 айда - 1469 немесе 159 адамға көбейген).
Есепті мерзімде 10 мың адамға шаққандағы алғашқы мүгедектіктің қарқынды көрсеткіші 19,8 құраған.
Алғаш рет мүгедектік тағайындалған 1088 ересек адамдардың – 876 (80,5%) - жұмысқа жарамды жастағылар, 212 (19,5%) - зейнеткерлер құрайды.
Балалар арасында алғашқы мүгедектікке 540 бала шыққан, былтырғы 9 айда бұл көрсеткіш 443 болған, яғни 97 балаға көбейген.
9 айда 5159 мүгедек, оның ішінде 3524 ересек адам, 1635 мүгедек бала қайта куәландырудан өткен.
Қайта куәландырудан өткен 5159 мүгедектер арасынан 402 адам толық оңалған, бұл көрсеткіш 7,8% құрайды.
Есепті мерзімде қайта куәландырудан өткен мүгедектердің 245 (15,0%) жартылай оңалтылған.
Мүгедектік топты жоғарылату көрсеткіші 5,9% құрады.
Мүгедектерді жеке оңалту бағдарламасына (бұдан әрі - ОЖБ) сәйкес, 2021ж. 9 айда мүгедектік белгіленген барлығы 6385 адамның 2918-не (45,7%) әлеуметтік бөлігі бойынша, 178-не (2,8%) кәсіптік бөлігі бойынша оңалту шаралары әзірленді.
Аталған кезеңде мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларының техникалық қосымша құралдармен қамтамасыз етудегі орындалуы 73,6% құрады.
Медициналық мекемелермен сараптамаға негізсіз және сапасыз жолданған материалдар (031-е нысанды) бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне және медициналық мекемелерге тиісті шара қолдану үшін 104 ақпараттық хаттар жолданды (2020ж. 9 ай-86).
Департаментпен ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығына профилактикалық бақылау жүргізудің тізіміне сәйкес 23 тексеру субъектісінде (23 объект) профилактикалық бақылау және 10 субъектіге (15 объект) жоспардан тыс тексеру, барлығы 33 субъектіде (38 объект) тексеру шаралары жүргізілді.
Профилактикалық бақылау жүргізілген 14 субъектіде мүгедектердің қолжетімділігі, 5 субъектіде арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі, 4 субъектіде арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілуі және мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы тексеріліп, нәтижесінде 124 заңбұзушылық анықталып, оларды жою туралы 22 ұйғарым берілді.
Жоспардан тыс тексеру 10 субъекті бойынша жүргізіліп, 13 заңбұзушылық анықталып, оларды жою туралы 7 ұйғарым берілді және 3 лауазымды тұлғаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 83 бабымен 466 720 теңгеге айыппұл салынды.
Анықталған 137 заңбұзушылықтың есепті кезеңде 97 (71,6%) жойылған.
Қалған 40 заңбұзушылықты (29,2%) жоюға алдағы уақытқа мерзімдер белгіленген.
Департаментпен жеке және заңды тұлғалардың 847 өтініші қаралып, оның 215 қанағаттандырылып, 396 түсіндірме беріліп, 2 қысқартылған, 234 азамат басшылықта жеке қабылдауда болған (2020ж 9 айда 927 өтініш қаралып, оның 215 қанағаттандырылып, 617 түсіндірме беріліп, 90 азамат басшылықта жеке қабылдауда болған).
Яғни, қаралған өтініштер 80-ге немесе 8,6% азайған.
Есепті мерзімде қаралған өтініштердің 827 97,6%) жеке тұлғалардың, 20 (2,4%) заңды тұлғалардың өтініштері болып табылады.
Қаралған өтініштердің 375 (44,3%)- зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша, 462(54,5%)- медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу саласы бойынша, 10 (1,2%) - өтініш халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бойынша.
Департамент қызметкерлерімен есепті кезеңде баспасөз беттерінде 41 мақала жарияланып, телеарналардан 3 сұхбат берілген, әлеуметтік желілер арқылы 51 хабарламалар жарияланған, Облыстық коммуникациялар қызметінде 2 рет брифинг, 22 рет мекеме, кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен семинар кеңестер, 7 рет құқықтық оқу, 6 рет дөңгелек стол өткізілді.
Ағымдағы жылы «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «ҚР бойынша әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеудің 2021-2025 жылдарға арналған жоспары», Қызылорда облысы әкімінің 28.04.21ж. «Мүгедектерді әлеуметтік оңалту және әлеуметтік қорғау туралы» қаулысы қабылданып, мүдделі атқарушы органдар және қала, аудан әкімдерімен ерекше қажеттілігі бар адамдарға әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу шаралары атқарылуда.
Атап айтқанда, облыс бойынша 2021-2025 жылдар аралығында 1294 (5 жылға) бейімделетін (адаптирование) объектілер белгіленген, оның ішінде 2021 жылға бейімдеуге жататын 258 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарынын қазіргі уақытта 208 мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттарына толық бейімделген, қалған 50 нысан бойынша бейімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұл объектілер ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау қолжетімділігінің Интерактивті картасына енгізіліп, оларды бейімдеу жайы бақылауға алынған.
Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуде және кедергісіз орта құруда қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдар маңызды роль атқарады.
Бұл бағытта «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында облыс бойынша әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарының бейімделуіне қоғамдық бақылау жүргізетін «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының белсенді қызметін атап өтуге болады.
Аталған Филиалмен жүргізілген қоғамдық бақылау нәтижелері бойынша Департаментпен ағымдағы жылы 13 объектіге қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Тексерулер нәтижесінде мүгедектердің қолжетімділігі бойынша 9 заңбұзушылық анықталып, оларды жою туралы ұйғарымдар беріліп, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 83 бабы 1-тармағы 1-тармақшасы бойынша 364625 теңгеге 5 айыппұл салынып, бюджетке өндірілді.