ОБЛЫС ӘКІМІ 7 АУДАНДА ӨТКЕН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА 500-ДЕН АСА ТҰРҒЫННЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІН ТЫҢДАДЫ

214
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРЛЫБЕК МӘШБЕКҰЛЫ  НӘЛІБАЕВ 7 АУДАНДА ӨТКЕН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА 500-ДЕН АСА ТҰРҒЫННЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІН ТЫҢДАДЫ, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда өңірінде ел Президентінің "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидасы жаңа форматтағы жеке қабылдау барысында көрініс тапты.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бірге аймақтағы барлық ауданға барып, елді мекен тұрғындарын алаңдатқан сауалдарға жауап беріп, өтініштерін қарады. 3 сағатқа созылған кездесулерде әрбір тұрғынның мәселесі шет қалмады.

БАҚ-та және әлеуметтік желіде алдын ала берілген хабарландыруды оқып келген азаматтар өз мәселесін ашық түрде қоюға мүмкіндік алды.
Облыс әкімі 500-ден аса тұрғынның мәселесін сараласа, құқық қорғау органдары басшылары 300-ге жуық халықтың ұсынысына құлақ асты. Заң аясында түсіндірме беріліп, мәселелердің өзектілігіне қарай тиісті сала басшыларына тапсырма берілді.
Қабылдауда айтылған әрбір мәселе ескерусіз қалмайды, хаттамаға түсіріліп, тұрақты бақылауда болады.
@Облыс әкімінің баспасөз қызметі
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.