Қызға кәмпит ұсынған жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды

1 372

Фото: Видеодан скриншотЖеліде Көкшетауда қызды ұрлау әрекеті түсірілген видео тарады. Ақпаратқа Ақмола облысының полиция департаменті түсініктеме берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Желіде тараған видеодан қызға жақындап келе жатқан жасөспірімді байқауға болады. Сосын кәмелет жасына толмаған қыз алға қарай қашады. Ал жасөспірім қуып келе жатып, кілт тоқтап қалады. 

"Қала тұрғыны жасөспірімнің қызға жақындап, онымен бірдеңе туралы сөйлесіп жатқанын видеоға түсіріп қалған.  Ол баланы тал түсте біреу ұрлап әкетпек болды деп ойлап, видеоны желіге жариялаған", – деп жазылған видео астында. 

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, жүргізілген іздестіру іс-шараларының нәтижесінде видеодағы жасөспірімнің жеке басы анықталды.

"Ол 2011 жылы туған бала. Көкшетау қаласындағы орта мектептердің бірінің оқушысы. 14 жастағы жеткіншек ешқандай қылмыстық мақсаты болмағанын, қызға қалжыңдап кәмпит ұсынғанын айтты", – делінген хабарламада. 

Жасөспірім әкімшілік жауапкершілікке тартылатын жасқа толмағандықтан заңды өкіліне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449-бабының 1-бөлігімен (Қоғамдық орындарда тиісу) материал толтырылды. 

Полиция департаменті видео авторына азаматтық ұстанымы мен қамқорлығы үшін алғысын білдірді


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.