Шымкент тұрғындары Сеулге тікелей қатынай алады

1 642

фото: Images By Tang Ming Tung/Getty Images2025 жылғы 29 мамырдан бастап Шымкент - Сеул бағыты бойынша Кореяға жаңа бағыт ашылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеген болатын.


"Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі рейстер географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр. 2025 жылғы 29 мамырдан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы Шымкент - Сеул бағыты бойынша Кореяға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.  Ұшулар аптасына екі рет (сейсенбі және жұма күндері) орындалады. Қазақстан мен Корея арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 8-ден 10-ға дейін артады", - делінген хабарламада.


Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.