Мектеп есепшісі өзіне 64 млн теңге "сыйақы" берген

1 595

FreepikШымкентте өзіне 64 миллион теңге заңсыз "сыйақы" берген есепші сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сот мәліметінше, орта мектептің бас есепшісі ай сайын өзінің шотына бекітілген жалақысынан жоғары сома аударып отырған. Соның салдарынан бірнеше жыл ішінде мектеп бюджетіне 64 миллион 295 мың теңге залал келтірілген.


Сотталушының кінәсі өзінің мойындауымен, жәбірленуші өкілінің айғақтарымен, заттай және іс бойынша басқа да дәлелдемелермен дәлелденді. Сот барысында прокурор айыпталушыны жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Ал сотталушының өзі оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.


"Сот жаза тағайындау кезінде сотталушының өз кінәсін мойындауын және шын жүректен өкінуін жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп ескерді. Сот К-ны мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 8 жылға бас бостандығынан айырды. Азаматтық талап толығымен қанағаттандырылды", – делінген сот хабарламасында.


 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.