19 жастағы жігітті пышақтап өлтірген екі адам сотталды

1 500

Фото: PinterestҚостанай облысында Рудный қаласының 19 жастағы тұрғынын өлтірген екі азаматқа сот үкімі шықты. Қылмыс биыл қаңтарда тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде болған, - деп хабарлайды   Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында екі азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот мәліметінше, 2026 жылғы 23 қаңтарға қараған түні Рудный қаласындағы П. Корчагин көшесінде орналасқан үйлердің бірінің кіреберісінде жанжал шыққан. Оған марқұмның 200 мың теңге талап етуі себеп болған.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы А. жәбірленушіні өлтіру мақсатында оған бірнеше рет пышақ сұққан. Алған жарақаттарынан 19 жастағы жігіт оқиға орнында қаза тапқан.

Осы кезде бір қабат төменде болған кәмелетке толмаған Б. қылмыстың жасалғанын біле тұра, құқық қорғау органдарына хабар бермеген. Кейін екі сотталушы оқиға орнынан кетіп, Көкшетау қаласына жасырынған.

Сот жәбірленушінің құқыққа қайшы әрекетін қылмысқа себеп болған мән-жай ретінде жеңілдететін жағдай деп таныды.

Нәтижесінде негізгі сотталушы А. орташа қауіпсіздік мекемесінде 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал кәмелетке толмаған Б. кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіздік мекемесінде 2 жыл 8 ай жазасын өтейді.

Сонымен қатар сот А.-дан марқұмның әкесі мен ағасының әрқайсысының пайдасына моральдық зиян өтемақысын өндіріп алу туралы шешім шығарды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.