"Күйеуімсің бе, ағамсың ба?"

412
ШҚО тұрғыны Мұратбек Көкенов дәрігерлердің салғырттығы салдарынан "әйелінің адам танымастай күйге түскенін", айтады. Бұдан бес жыл бұрын оның жұбайы Земфира Көкенова үшінші сәбиін ауыр жағдайда кесарь тілігі арқылы босанған. Мұратбектің айтуынша, дәрігерлер оны өздігінен босанады деп үш күн күтіп, уақыт өткізіп алған. Салдарынан, 34 жастағы сап-сау әйелдің денсаулығына айтарлықтай зақым келген.
 
Басылымның жазуынша, ағылшын тілінің мұғалімі 34 жасында дәрігерлердің қателігінен ақыл-есінен айырылып, мүгедек болып қалған. Тіпті ол туған балалары мен өмірлік жарын да танымайтын күйге түскен.

Қазіргі таңда оны жолдасы Мұратбек өзі бағып, қарап отыр.

 Айтуынша, Земфира күн сайын одан: "Сен менің ағамсың ба әлде күйеуімсің бе?", - деп сұрайтын көрінеді. Алайда оның кім екенін бес минуттан соң қайта ұмытады екен.