Жемқорларды жасырмақ болған полиция капитаны атағынан айырылды

1 363

Астанада пара алғаны үшін күдіктіге іздеу жарияламауға уәде берген полицейге үкім шығарылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі қалалық ауданаралық қылмыстық сотына сілтеме жасап.


Сот мәліметінше, ПБ қызметкері күдікті Б.-дан іздеу жарияламауға уәде беріп, 300 мың теңге көлемінде ақша талап еткен. Күдікті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарласқан. Содан тәртіп сақшысы ақшаны алу кезінде ұсталды.


Сот қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде бұл әрекетке шын жүректен өкінуді және 3 жас баланың болуын мойындады. Ал қабылдаған анттың бұзылуы ауырлататын жағдай деп танылды, - делінген хабарламада.


Сот үкімі бойынша, полицей лауазымды тұлға бола тұра алаяқтық әрекетін жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік кіріске 2 миллион 250 мың теңге көлемінде айыппұл өтеу, сондай-ақ мемлекеттік органдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру түрінде жаза тағайындалды. Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 49-бабына сәйкес, ол «полиция капитаны» арнайы атағынан айырылды.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.