Алматы-Қызылорда бағытындағы әуе кемесі ұшып шыққан соң көп ұзамай әуежайға қайта оралған. Air Astana әуе компаниясы ұшақтың қайта оралуына не себеп болғанын айтты,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпараттық агенттігі.
13 - ші қаңтар күні KC985 рейсінде болған жәйтті жолаушылардың бірі хабарлаған.Оның сөзінше, ұшақтың кері оралуына қозғалтқыштағы діріл себеп болуы мүмкін.
Әуе компания мамандарының тексерісінен соң, ұшақ қайта пайдалануға берілген.
“13 қаңтарда Алматы-Қызылорда бағыты бойынша KC985 рейсін орындаған Airbus A320 ұшағында ұшып шыққаннан кейін ықтимал техникалық ақауды білдіретін индикатор іске қосылды. Қызылорда әуежайында техникалық мамандар болмаған соң, экипаж әуе компаниясының қауіпсіздік талаптарына сай әуе кемесін ұшып шыққан әуежайға қайтару туралы шешім қабылдады”, – делінген хабарламада.
Қазақстандық әуекомпания жаңа ұшақтар сатып алу үшін жарты триллион теңгеден астам қаражат жұмсамақ
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады
“Инженерлік-техникалық қызмет өндіруші нұсқаулықтарына сәйкес қажет тексерулерді жүргізді. Ешқандай ақау анықталған жоқ. Әуе кемесі қайта пайдалануға жіберілді”, – делінген жауапта.
“Алматыдағы ауа райы мен Airbus NEO ұшақтарын пайдалануға қойылған шеутеулерге байланысты әуе кемесін FlyArystan ұшағына ауыстыруға тура келген. Осы себепті рейс кешікті”, – делінген хабарламада.
Әуе компания мәліметінше, жолаушылар 12 сағаттан кейін ұшып шыққан.
“Ұшақ жолаушыларымен бірге сағат 02:34-те әуеге көтерілді. Жалпы кешігу уақыты 12 сағат 24 минут. Күту барысында жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар ұсынылған. 36 жолаушы өз өтініші бойынша қонақ үйге орналастырылды. Әуе компаниясы келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды”, – делінген хабарламада.